0 дауыс
4.8k көрілді
Белсенді туризм деген не?

1 жауап

0 дауыс

Бағдар бойынша белсенді түрде орын ауыстыруды сипаттайтын туристік сапардың барлық түрлері, яғни туристтің күшін жұмсайтын сапар. Белсенді туризмнің мынадай түрлері бар: жердегі туризм, таудағы туризм, судағы туризм, экзотикалық туризм. Белсенді туризмнің жердегі түрлеріне – жаяу туризм немесе немесе треккинг, спелеотуризм (үңгір ішіндегі саяхат), спелестология (қолмен жасалған жер асты жерлермен саяхат), велотуризм, маунтинбайкинг; таудағы туризмге – альпинизм (техникалық және физикалық дайындықты қажет етеді), таулы шаңғы және сноуборд; судағы туризмге – виндсерфинг (парустық тақтада жүзу), судағы шаңғы, вейкбординг, кайтинг, каякинг, рафтинг жатады. Судағы туризмнің соңғы екі түрі өте экстремалды және қауіпті, себебі бұлар таудағы өзендерде болады. Экзотикалық туризм түрлеріне ғарыштағы туризм, джайлоо-туризм, Солтүстік және Оңтүстік полюстердегі және басқа да экстремалды орындардағы туризм жатады.

...