0 дауыс
1.2k көрілді
Қазақстандық турфирмалар сақтандыру жағдайларына байланысты жылына қанша ақша төлейді? Осындай статистика бар ма? Турфирмалар мен зиянды өтеуді талап етуші клиенттердің арасында осы мәселе бойынша қанша сот ісі жүргізіледі? Сақтандыруды төлеу әр түрлі өзгешеліктерге байланысты төленуі немесе төленбеуі мүмкін ең жиі кездесетін даулы мәселе қандай?

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру мәселесі елден кетушілер туризмі үшін маңызды болып табылады. Туристік нарық екі жағдайда сақтандырылады. Біріншіден, туроператорлық жауапкершілікті сақтандыру. Яғни әр турфирма өзінің қызметі бойынша сақтандыру алуға міндетті- заң бойынша. Екіншіден, шетелге шығушыларды медициналық сақтандыру. Өкінішке орай, бізде туризмдегі сақтандырудың екі түрі ғана бар.
Бизнесті сақтандыру, ұшпаудан сақтандыру, өкінішке орай, әлемдегі ең кең тараған сақтандырудың түрлеріне біздің нарықта көңіл дұрыс бөлінбеген. Тәуекелдер сақтандырылмайды. Туризм – өте нәзік сала болып табылады. Ол көптеген факторларға тәуелді болып келеді: саяси, экономикалық тұрақсыздық, табиғи өзгерістер, терактілер. Компаниялар, ең алдымен, азаматтармен жұмыс істейтін болғандықтан, олардың сақтандырулары сапалы әрі жан-жақты болуы керек. Туристік компаниялар мен тұтынушылар арасында даулы мәселелер туындап тұрады. Көбінесе туристер қызмет көрсетудің сапасына арызданады. Мұндай жағдайда туристік компаниясы мен тұтынушыны келіссөздерге шақырып, істі сотқа жеткізбей, бәтуаластық тапқан жөн. Бұл ең көп тараған тәжірибе. Алайда, туристердің сот органдарына арызданатын кездері де болып тұрады. Бұл басқа санаттағы қонақүйге түскен немесе қонақүйде зардап шеккен я болмаса денсаулығы сыр берген азаматтардың сақтандыру компаниясының қызметтерін дер кезінде алмағандығынан болады.
Сондықтан Сізге қызмет көрсететін турфирманың қызметтес болып отырған сақтандыру компаниясы туралы біліп алыңыз. Бұл өте маңызды. Өкінішке орай, сақтандыру полисін сатып алып, шетелге келгеннен кейін, қажет болған кезде сақтандыру қызметін ала алмаған жағдайлар да кездеседі. Сондықтан сақтандыру компаниясын жақсылап зерттеп шығыңыз. Қажет болған жағдайда сақтандыру компаниясына хабарласып, демалыс кезінде қиындықтар туындамас үшін, барлық нюанстарды біліп алыңыз.
Туристердің келісімшартты оқымастан қол қоя салатын кездері өте жиі кездеседі. Барлық туристерге берілетін кеңес – келісімшартты оқып шығыңыз. Үлгі шарты жасалатындықтан, Сіз өзіңіз үшін маңызды өзгерістерді енгізуіңізге болады. Тек қана туристік ұйыммен келісім қажет. Қол қойғалы жатқан барлық құжаттық мұқият оқып шығыңыз.

...