Неліктен Қазақстанда Еуропаға ұшу құны өте жоғары?

0 дауыс
409 қаралым
Неліктен Қазақстанда Еуропаға ұшу құны өте жоғары? Мысалы, Ресейде мұндай ұшулар арзанырақ тұрады.
• Санаты: Жалпы сұрақ | 409 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Барлығын біздің географиялық тұрғыдан алыс орналасқандығымызбен түсіндіруге болады. Әрине, бұл бірінші кезекте, баға белгілеуге әсерін тигізеді. Екінші себеп, біздің нарығымыз Ресейдікімен салыстырғанда сондай сыйымды емес, шетелге шығушылардың саны шектеулі. Батыста да, Ресейде де бюджеті аз әуе компаниялары бұрыннан пайда болған. Олар аз ақшаға жолаушыларды тасымалдайды. Борттарының жайлылығы керемет емес, қызметтері ақылы. Мүмкін біз де сол күнге жетіп, осындай әуе компаниялары бізде де пайда болатын шығар.

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы