0 дауыс
Ұшақта ұшу қалай өтеді, ұшақта ұшу жолдары?
18.12.2014 1.2k қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Көрсетілген күні Сіз әуежайға ұшудың 2,5-3 сағат ерте келсіз. Құжаттарыңызды мұқият тексеріңіз: әуебилеттерді (екі жаққа да, әдетте, бір билет, орындар әуебилеттерде көрсетілмейді, оларды тіркеу кезінде аласыз), медициналық сақтандыру полисін, мекендей ваучері (қонақ-жайды, тамақтандыруды, ол жақта болудың мерзімін және басқаларын тексеріңіз). Егер сіз төлқұжаттарыд берсеңіз, оларджы алып визалардың бар-жоғын тексеріңіз. Визалар төлқұжаттың кел келген толтырылмаған бетіне қойылады. Сондықтан визаңыз төлқұжаттың олртасында да, соңында да бола алады. 
Сіз құжаттарды алдыңыз. Енді ұшаққа отырудың алдында 3 міндетті процедурадан өту керек:
• Кедендік бақылау
• Рейске тіркелу және жүкті тапсыру
• Төлқұжат бақылауы
Бұл процедаралардан сізбен ұшатын басқа да жолаушылар өтеді, сондықтан, ешнәрсені білмесеңіз бірге баратындардың артына тұрып барлық әрекеттерді көріп алып жасауыңызға болады.

18.12.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы