+1 дауыс
Жазда менің таныстарым Алакөлге барып қайтты. Келгеннен кейін жолдардың жаман, көліктің қымбат екендігін, ал демалыстың нашар өткендігін айтып берді. Түсінбеймін, неліктен мемлекетіміз инфрақұрылымды дамытпайды? Оған не кедергі болып тұр?
18.12.2014 396 қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Ия, жолдардың жаман, көліктің қымбат екендігіне келіспеуге болмайды. Алакөл – тамаша жер. Ол - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Кезінде үкімет кластерлі бастамамен шығып, Алакөл, Бурабай немесе Балқаштың туристік потенциалын көтеруге бағытталған. Бұл жердегі негізгі проблема – өңірлерді дамытудың нақты бағдарламасының жоқтығы. Ал өңірлік даму аясында, өкінішке орай, шенеуніктер туризмді үшінші сұрыпты сала деп санап отыр. Яғни спорт, мұнай, газдан кейінгі орында тұрғандықтан, көбіне облыстық әкімшіліктің көзінен таса қалып отыр. Жағдай дұрысталмайынша, әкімдер назарын туризмге аудармайынша, жағдайдың оң шешім табуын күту мүмкін емес.

18.12.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы