0 дауыс
662 көрілді
Бір машинаның кепілге қойылып қойылмағанын қалай білуге болады?

1 жауап

+1 дауыс
Жақында досым жеңіл автокөлік сатып алды.Бірақ, сенімхат жаздырып алды да, жүре берді. Автокөлік банкте кепілге салынғанын білдік. Көліктің бұрынғы иесі көлік үшін ақшасын алғаннан кейін несие төлеуді де тоқтатқан. Досым көлігінен айрылып қалмас үшін амалсыздан көліктің бұрынғы иесінің несиесін төлеп жүр. Осындай жағдайларды болдырмас үшін болашақта не істеуге болады?

Автокөлікті сатып алу барысында жеңіл жолды таңдаған сатып алушы көбіне сенімхатты жаздырып алады. Құқықтық жағынан алғанда, автокөлікті  сатып алу-сату шартымен рәсімделуі керек. Автокөлікті сатып алу-сату барысында көлік құралын сатушы көлікті есептен шығарады, ал, жаңа меншік иесі өз атынан қайта есепке қояды.

Автокөлік кепілде болған жағдайда жол полициясы органдары көлік құралын кепілге салу шартын тіркеуге алады және автокөлікті есептен шығаруға шектеу қояды.
...