+3 дауыс
10.8k көрілді
Адамда қанша шаш бар айтыңдаршы?

11 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Адам ағзасын зерттеуші мамандардың айтуынша, әр адамның басында 90 мыңнан 150 мыңға дейін шаш өседі екен. Орта есеппен шаш күніне – 0,33 мм, жылына – 12 см, адамның бүкіл ғұмырында 7,6 метрге дейін өседі екен. Күніне әр адамның басынан 30-дан 120-ға дейін шаш түседі. Адамның шашы 15 пен 30 жас аралығында өте тез өсуге бейім келеді. Шаштың өсуі 50 жастан кейін тежеле бастайды. Тағы бір қызығы, шаш қыс мезгіліне қарағанда, жазда жақсы өседі екен. Шаш қылының мықтылығын алюминиймен салыстыруға болады. Сондай-ақ шаш дымды тартып алғыш келеді. Ер адамдардың шашы 2 жыл, әйел адамдардың шашы 4-5 жылға дейін өсуі мүмкін. Сары шаштылардың шашының талы көбірек, қалың болып келеді екен. Оларда шамамен 150 мың тал шаш болады. Ал қара шаштылардың шашы сұйық болғанымен, есесіне шаштарының қылы жуан болады. Шаштың құрамы негізінен ақуыздан тұрады. Ерлердің шашы әйелдерге қарағанда тез сирегіш болып келеді. Оның себебі әйелдер шашының тамыры ерлердікіне қарағанда 2 мм терең орналасатын көрінеді. Ақпарат мына жерден алынды:http://alashainasy.kz/interested/16402

+1 дауыс
Адамның шашын санау мүмкін емес .
+2 дауыс
1 млннан аса шаш бар.
+2 дауыс
Тақырбаста 0 шаш бар. Шашы бар адамдыкін санай алмайсың..
)))))))))))))))))))))
Робот неге күле бересің
тақырбаста 0 шаш бар деген қа қа
Оның несі күлкілі?
–2 дауыс
Сан жетпестей болар
–2 дауыс
150-250 мың шамасында. Ол адамның нәсіліне, жасына, геніне байланысты әр түрлі болып келеді.
–2 дауыс
Орынсыз сұрақ деп ойлаймын.Адамның басындағы шашты ерінбей  санап шық.
+1 дауыс
Білмеймін, санамаппын.
–2 дауыс
Енді біреуде 140 мың, біреуде 14 деген сияқты ғо.
0 дауыс
Аспанда қанша жұлдыз болса, сонша тал шаш бар делінеді ғой
Кім айтты саған?
0 дауыс
Кім санап жүр дейсің?
...