+3 дауыс
32.2k көрілді
Қазақстан дүние жүзінде қаншасыншы орында ??? Мысалы мына жақтарын көрсетсеңіздер: Политика , Армия, Экономика жақтарынан салыстырып
ЖЖ таңдағаныңыз үшін +1

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Халық санынан -56 орын, жер көлемі -9 орын, ТМД бойынша жер көлемі - 4 орын
+2 дауыс
Гугл да іздесең шығады ғой: Қазақстан Республикасы: Кен байлықтары. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді. Мұнай мен газ. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңт. Маңғыстау мен Солт. Үстірт – Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солт. Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат – 1,4 млн. т және газ – 141,0 млрд. м3 кұрайды. Жалпы респ. баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңт. Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі – Құмкөл кен орыны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында. Көмір. Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геол. қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орт. Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т). Торғай энергет. қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңт. Қазақстанда Іле және Төм. Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геол. қорлары 14,8 млрд. т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төм. Іле алабының геол. қоры 9,9 млрд. т, оның 3 млрд. т-сы барланған. Шығ. Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20,3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоң
0 дауыс
Менің негізгі жауабым  осы дүниежүзінде қазақстан 9шы орында
...