+1 дауыс
3.0k көрілді
Заң бойынша көршіліер кешкі сағат нешеге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізе алады (пәтерде) ? Препаратордың дауысын барлығың білетін шығарсыңдар (дыр дыр дыр дырылдау), жұмыс, демалыс, мереке күндері нешеден нешеге дейін?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Заң бойынша таңғы сағат 6-дан кешкі сағат 11-ге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізе алады.

Пәтерді жөндеу, көңілді отырыстар, қатты музыка, беймаза үй жануарлары – осының барлығы Әкімшілік кодекстің бабының бұзылу себебі бола алады. Үнемі емес, тек түнгі уақытта – түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейінгі кезеңде.

Егер сіз жоғарыда айтылған жағдайлардың бірімен бетпе-бет келсеңіз, не істеу керек? Бірінші кезекте өзіңіздің көңіліңіз толмаушылығын ауызша нысанда айтыңыз, мысалы, жөндеу жұмыстарын келесі жұмыс күніне дейін тоқтата тұруды сұраңыз. Егер ауызша өтініштен кейін шу басылмаса, аталмыш жағдайда құқықтық тәртіп қызметінің көмегінсіз мүмкін емес.

ҚР Әкімшілік кодексінің «Тыныштықты бұзу» 333-бабының 1-тармағына сәйкес: «Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) (3 704 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Сіз қалалық телефоннан 102, ұялы телефоннан 112 нөмірі бойынша қоңырау шалып полицияға жүгініп, учаскелік инспекторды шақыра аласыз. Инспектор әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы осындай істерді ҚР ӘҚБК (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс) 543-бабына сәйкес қарауға және ҚР ішкі істер органдары атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы. 

+1 дауыс
22:00-ге дейін шығар.
+1 дауыс
вообще дурыс емес ремонт ыстеген опасногой,
иә, көршің кіріп келсе үйіңе қабырғадан қықы))
0 дауыс
Түңгі сағат 22:00ден таңғы 9ға дейін. Егер осы уақыт аралығында тыныштық бұзылған болса Әкімшілік құқықбұзушылық деп арыз жаза аласыз.
...