Қалай дегенмен жігіті мен емес, сіз ғой, сондықтан білуіңіз керек. Білмесеңіз де , осы сұраққа жауап бергісі келген адамның ойында туындайтын сұрақтардың жауабын жазуыңыз керек еді.
Қыздың жасы нешеде? Қандай қыз? Хоббиі бар ма? Нені ұнатады? Сіздің бюджетіңіз қандай?
Қызға "мен саған сыйлық алдым , не екенін тауып көр" деген кезде , қыз өзінің қалаған нәрселерін айта бастайды, соған қарап бір нәрсе алып беріңіз.
1.Қыздар гүлдерді жақсы көреді ғой, ұнататын гүлдерін сатып алыңыз. 2.Ойыншықтарды да көптеген қыздар жақсы көреді. 3.Қыздың "ерекше қасиеттерін" ала отырып, кітап, диск , телефон , фотоаппарат , хоббиына байланысты бір нәрселер сыйлауға болады. 4.Егер талғамын білсеңіз , парфюмді сыйлық ретінде таңдауға болады. 5.Сағат , алқа , браслет, сырға сияқты украшениялар беруге болады. 6.Фотоларды қолдана отырып жастық , футболка , календарь т.б. сыйлауға болады. 7.Қыздың фотосымен чехол дайындатып көріңіз. 8.Сүйікті әншісінің концертіне билет сыйлаңыз. 9. Романтикалық кеш ұйымдастырыңыз :)