0 дауыс
1.1k көрілді

Қызыма сыйлық жасасам деп едім.Не сыйласам болады? Оған ұнағанын қалаймын.

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

1.Сағат. Резеңке сағат, жүрек формасындағы сағат, қызыл түсті сағаттарды сыйлауды ұсынамын. Қымбаттау және көзге түсетін, жалтырауықтары көп, мақтанарлықтай болғаны жақсы.

2.Алқа. Бұған да қымбаттау және көзге түсетін, жалтырауықтары көп, басқаларға айтып мақтанарлықтай болғаны жақсы.

3.Қонжық, аю, қуыршақ. Естелік ретінде қалады және оны көргенде сізді есіне түсіретін болады.

4.Гүл. Бір букет немесе 3 дана гүл болуы керек. Гүл саны тақ сан болғаны дұрыс, себебі қыздардың жаман бір ырымы бар. Иісі бар гүл болуы керек.

5.Ұялы телефон, планшет. Қаржыңыз жетсе осылар жақсы.

6.Сим-карта. Нөмірін тек екеулеріңіз білетін болсаңыздар, бұл да қыз көңілінен шығуы мүмкін.

7.Сайт немесе әлеуметтік желідегі аккаунт. Сайт болса қыз суреттерімен және күлкілі сәттеріңізді жазып толтырыңыз. Аккаунт болса оған қыздың суретін қойып, контактілерінің тізіміне өзіңіздің ерекше етіп қосып қойыңыз.

8.Ашық хат ("открытка"). Жас балаларға арналған нәрсе, бірақ басқа сыйлықтармен қосып беруге болады.

9.Иіссу ("духи"). Қымбаттау, хош иісті және қыз ұнататын фабрикадан шықса керемет болар еді.

10.Бетінен сүю. Бұл енді міндетті түрде шығар.

 

Сыйлықты әдемі жағдайда ("обстановка") сыйлаңыз, сыйлап жатқанда айтар сөздеріңізді мәнерлеп айтыңыз және алдын ала ойластырып алыңыз. Көзіне қараңыз, көзі арқылы сыйлыққа және сізге қалай қарайтынын білесіз. Сүйiктiсiн қадiрлейтiн адам сыйлықты арзаннан бастағаны дұрыс. Қатты қымбат нәрсе сыйламаңыз, үйреніп кетсе, кейін арзандау нәрсені менсінбеуі де ғажап емес. Сыйлығыңыз әдемі, көз тартарлық, мақтануға тұрарлық болғаны дұрыс. Бәрі де өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.

Сенимен келiсемiн 1+ саган.
Белгісіз
+1 дауыс

Өзінен сұрасаң "машина алып бер" дейтін шығар. Қалтаңның қалыңдығына байланысты ғой.

0 дауыс

Жалпы қыздарға әшекей бұйымдары ұнайды ғо. Сол себепті сақина немесе сырға сияқты сыйлықтарды көр немесе жақсы әтір сыйла. Оның көңілінен шығады деп ойлаймын. smiley

0 дауыс
Духи немесе кымбат сагат немесе уялы телефон самсунг галакси 4 калтан котерсе.Сумка,койлек т.б
0 дауыс

Рахмет бәріңізге!Және жұбатқан саған рахмет пікірің ұнады қатты!

+1 дауыс

Бірге түскен фоталарынды қойып күнтізбе(календарь) жасат немес кружканың сыртына тілегіңмен бірге суретін салғызуына болады.

...