+2 дауыс
Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі керемет деңгейде аталып өтілеме ?
16.12.2014 534 қаралым

4 жауап

0 дауыс
Анау мынау деп жылып қайтеміз, Иә бізде керемет деңгейде аталып өтіледі!
16.12.2014
+1 дауыс
Өте орынды сұрақ. 20 жылдыққа дейін жоғары деңгейде аталып өтілетін. Қазір бір мерейтойлы кештермен, бағдарламалармен шектеліп қалады. Халықта әбден күйбен тіршілікке бас ұрып , бұл күннің қадірін ұмытып бара жатқандай. Тек 2-3 күндік демалыспен, теледидардағы концерттермен шектеліп қалмайық. Өткенімізді еске алып, бүгінгі жетістігімізге шүкіршілік етіп , шын жүректен атап өтсек нұр үстіне нұр болар еді.Тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқан бұл ұлы күнді неге дүбірлетіп атап өтпеске?!
17.12.2014
+1 дауыс
Өкінішке орай, Тәуелсіздік күні жиналыс-пиналыстар, концерт-монцерт өткізумен ғана шектеледі. Жаңа жыл сияқты көңілді өтпейді. Сондықтан, мемлекеттік, халықтық деңгейде Тәуелсіздік күнін атап өтудің салт-дәстүрлерін, атрибуттарын қалыптастыру қажет.
17.12.2014
0 дауыс
Біздің жақта Тәуелсіздік мерекесі айтарлықтай аталып өтілген жоқ.Көшелерде жаңа жылдық суреттер.Тек бірең - сараң концерттер болды.
18.12.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы