0 дауыс
20.6k көрілді
Махамбет Өтемісұлының туған жер туралы өлеңдері қайдан алуға болады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көшер еді-ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін.
Қонар еді – ау біздің ел,
Арқада қоныс төлдейін,
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмеген еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін , -деген болатын.

Нақ соның кебі келіп тұр ғой, «Ереуіл атқа ер салмайдағы» айтқандары да айнымай алдынан шыққан.Ақындық болжам сөздің өститіні бар... Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей құсқа түсті.

Ау , қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып, айтпай немене?
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні.
+1 дауыс
ТУҒАН ҰЛДАН НЕ ПАЙДА?

Ақ жұмыртқа, сары уыз,
әлпештеп қолда өсірген,
туған ұлдан не пайда, -
қолына найза алмаса,
атаның жолын қумаса.
Алаштың байлығынан не пайда –
құланнан басқа ел таппай,
маңқиған сары даладан
екіндіде құлаған,
тарығып келген ерлерге
қайыры оның болмаса.
Алтын тақты хандардың
хандығынан не пайда,
қарып пенен қасерге
туралық ісі болмаса
+1 дауыс

Махамбет Өтемісұлы → Нарында

              1 

Әдірә қалған Нарынның
Теңіз деген суы бар,
Жағасында жағалай біткен
Қамыс деген нуы бар.
Еңіреген ердің қолында
Жібектен желбіретіп ұстар туы бар.
Хан ұлымен алыстың,
Қарсы тұрып шабыстың -
Бізге біткен бес еркектің буы бар.
Әдірә қалған Нарынның
Жайық деген суы бар.
Жағасында жары бар,
Қабағында қары бар.
Көрмегенді көргізген,
Көн кемеге мінгізген,
Қынама бешпент кигізген,
Зәбірлігін тигізген
Ортасында Жәңгір деген ханы бар.
Қырлығында оба бар.
Көлдеуінде қоға бар,
Жыңғылы мен талы бар.
Қонса қонақ жегендей
Жаясы мен жалы бар.
Айтып-айтпай немене -
Әдірә қалған Нарында
Бас пайданың бәрі бар.
Қапыда кеткен дүние-ай,
Алақандай Нарында
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қатын менен бала бар,
Қарындас халқым жаңа бар.
Жалғыз ұлым Махмұт
Бекетай құмның ішінде
Жалғыз бір қалған со да бар.

             2

Біздің анау Нарында
Бір төбелер бар еді-
Айналасы ат шаптырса жеткісіз,
Қиқулай ұшқан қырғауыл,
Күніне құлан да басып өткісіз,
Күндіз келген қонағы
Кешке үйіне кеткісіз.
Қойды мыңға толтырған
Сол Нарынның құмдары,
Түйені жүзге толтырған
Көкпекті шайыр шымдары.
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер.
Жабағылы тоқтысы
қой болып, қора толған жер.
Аш-арығым тойған жер,
Жылаған бала қойған жер.
Шортаны қара бақандай,
Бақасы сары атандай,
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Қымыздығы күректей,
Сонасы қоңыр үйректей -
Ондай қоныс маған жоқ,
Құдайым қылды - амал жоқ.


Махамбет Өтемісұлы → Уа, Нарын

Абайламай айрылдым 
Аржақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін -
Кем болмады өлімнен.
Теңім үлгі алмады
Аузымдағы желімнен.
Істеген ісім кетті далаға.
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы жағаға.
Басқа қысым түскен соң
Қайрылмастай күн болды
Қатын менен балаға,
Ата менен анаға.
Барсаң, сәлем айта бар -
Жаудан аман бас қалса,
Қара орман малым садаға!
Біткен істің міні жоқ
Атай да Матай екі құм,
Шауып келсем басыңа,
Көзім түсер елім жоқ.
Елім-күнім - екі атым,
Еңіреп келсем, тілің жоқ.
Біткен істің міні жоң,
Бітірген ердің кемі жоқ,
Тура ажалдың емі жоқ.
Арқада жортқан ақ киік -
Атып алып, етін жеп,
Ішіп қандым сорпасын -
Сапырулы сары быладан
Еш те бір жерде кемі жоқ.
Жасыл ала үйрек, қоңыр қаз
Жайқай ұшқан көлде жоқ.
Тар қолтықтан оң тисе,
Тарыққанда қайрылар
Қарындасым менде жоқ.
Балдағы алтын ақ болат -
Салайын десем, қын да жоқ.
Қанатынан қайрылып,
Ит алған қуда сын да жоқ.
Мен - тауда ойнаған қарт марал
Мен - тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Саңсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар,
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан...
Ол-дағы біздей болған сорлы екен!

...