0 дауыс
3.4k көрілді
The, a артикльдері және to сөзін қай жерде қалай қолданылады? әрқасысына жақсылап түсіктеме беріңіздерші? Өтініш?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
а/an артиклдері белгісіздік артиклдері, мысалы жай ғана нақтыламай жалпылама айтылғанда қолданылады.Айырмашылықтары а артиклі дауыссыз дыбыстардан басталған сөздермен қолданылады.Бұл артиклдер бір ғана зат жайлы және саналатын зат жайлы айтылғанда қолданылады.Мысалы: а book, a pen , a car. An артиклі дауысты дыбысқа басталатын сөздермен қолданылады.Мысалы: an apple, answer. I bought a car Яғни көлік сатып алғандағы жайлы айтылып тұр бірақ көліктің түсі маркасы жайлы ештеңе айтылмаған нақты сөйлем емес.

The артиклі керісінше нақтылап айтылғанда қолданылады.

Қолданылуы:

1.Бір нәрсені қайталап екінші рет айтқанда: I have seen a new film. The film is called Slumbog Millionaire -яғни фильм жайлы бірінші рет айтқанда а артиклі қолданылса, екінші рет филмнің атын айтқанда the артикл3 0олданылды

2. Нақты бәріне мәлем жағдай жайлы айтқанда - Your dress in the wardrobe - Cенің көйлегің анау шкафта - яғни қайсы шкафта екені екеуіне де мәлім. Ал егер in a wardrobe болса , онда қайсы шкафта екені белгісіз болушы еді.

3. first, last , best,right, wrong, only сөздерін қолданғанда Мысалы: You are the best - сен күштісің

4. Ерекше бірнәрсе жайлы айтылғанда яғни бір ғана нұсқада бар нәрсе жайлында - The Sun , the moon , the Earth

5. асырмалы шырай сын есімімен бірге - The best , the most interesting

6. Мемлекет аттарымен - The Republic of Kazakhstan, The USA

7. Өзен , көл, тау аттарымен - The Caspian Sea

8. World сөзінің алдында, төрт жер бағдарларымен - The North , The South, The West , The East

Ал То ол инфинитив яғни етісттіктің баастапқы түрі жалғаусыз , жұрнақсыз.Мысалы: to read- оқу to write - жазу
+2 дауыс
THE АRTICLE – АРТИКЛЬ

Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады.
Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.

Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.

The indefinite article: a (an)

A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр.

Мысалы:
I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.

This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.

Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.

Ескерту!
Белгісіздік артикльдері тек жеке түрдегі зат есімдердің алдына қойылады. Көпше түрдегі нұсқасында артикль түсіп қалады. Мысалы:
I am a student. | We are students (Біз – студентпіз).

…………………………………………………………………………………………………….

The definite article: The (зэ)
The белгілілік артиклі ағылшын тілінде көнеден келе жатқан that (анау, әлгі) нұсқаулық артиклінен шыққан. The артиклі заттардың барлық (жекеше/көпше) түрлеріне қолданылады.

Белгілілік артиклінің қолданылуы:

1) Сөз (әңгіме) белгілі зат жайында болғанда
Мыс.: Where is the bag (Сөмке қайда?)? Бұл жердегі сөмке деп отырғанымыз белгілі сөмке. Ол менің немесе сіздің сөмкеңіз екендігі анық.

2) Зат есімдер асырмалы шырайда тұрса (мыс: Ең күшті, ең …), алдында реттік сан есімдері болса
Мыс.: What is the longest river in Kazakhstan (Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай)?
Satpaev is the first geologist in our country (Сәтбаев – еліміздегі ең алғашқы геолог).

3) Географиялық атаулардың (тау, теңіз, көл, өзен т.с.с. атаулары) алдында
Мыс.: The Caspian sea, the North, the Indian ocean, the Alatau mountains

4) Өзінің тобының (өзіне ұқсас заттардың арасында) жалғызы ғана болатын зат есімдердің алдында
Мыс.: The Nile is the longest river in the world (Ніл – әлемдегі ең ұзын өзен). Ніл өзені ғана әлемдегі ең ұзын өзен. Одан ұзын өзен жоқ.

5) Кейбір сөз тіркестерінде
Мыс.: in the morning, in the afternoon

…………………………………………………………………………………………………….

Zero article (Нөл артикль)
Zero article дегеніміз ешқандай артикль емес, жай ғана бос орын. Нөл артикльдің қолданылуы, яғни, ешқандай артикль қолданылмайтын жағдайлар:

1) Жинақтық, жалпылай айтылатын зат есімдердің алдында
Мыс.: Crime is a problem in most cities (Қылмыс – көптеген қалалардағы мәселе). Қылмыстың қандай түрі екендігі айтылмайды. Жалпы алғандағы қылмыс жайлы айтылып тұр.
Life is good (Өмір жақсы). Өмірдің де түр-түрі болмайды. Жай ғана түсінік.

2) Ел-жер, адам аттарының алдында
Мыс.: Mr. Mamyrov, Astana, Kazakhstan, China
Ескерту!
Отбасыны немесе әулетті фамилиясына байланысты атаса, онда The артиклі қойылады. Мысалы: The Johnsons (Джонсондар отбасы немесе әулеті)

3) Жыл мезгілдерінің, ай аттарының және апта күндерінің алдында
Мыс.: Autumn is rainy. July is the hottest month. We don’t work on Saturday.

Кеңес
Егер зат есімнің алдына қандай артикль қою керек екендігін ажырата алмасаңыз, сол зат есімді «кез-келген», «көптің бірі» деген сөздермен байланыстырып, оқып көріңіз. Егер логикаға сай тіркес шықса, онда a (an) артиклі, ал «әлгі», «нағыз», «ең» деген сөздермен байланыстырып оқығанда ақылға қонымды тіркес пайда болса, онда the артиклі қойылады.
0 дауыс
Екеуіңе де көп-көп рахмет! Барлығын түсіндім! Осы сайтта сіздер сияқты белсенді адамдар көбейе берсін! Рахмет! Екеулеріңізгеде ЖАҚСЫ ЖАУАП батырмасын басқым келеді! )) Бірақ...
...