Мен болсам кез-келген бір ұсақ бизнестен бастар едім, мысалы сауда орталығындағы, адам көп жүретін жерден сату не қызмет көрсету орнын жалға алу, әсіресе жұмыс істеп тұрған бизнесті сатып не арендаға алған тиімді сияқты: киім сату, канц. товар сату, шаштараз, салон, орг. техникалық қызмет (шағын полиграфиялық распечатка түрлері, дизайн), ұсақ-түйек не азық түлік сату, жеміс-жидек сату, кафе, бар. Бірақ міндетті түрде ол бизнесті алар кезде өз потенциалыңыз оны басқаруға жете ме, соны білу керек, сосын ол жер сол бизнес үшін тиімді ме, яғни спрос бар ма, сол маңызды.
Дайын бизнесті жалғастырудың пайдалы тұстары: адамдар ол жерден хабардар, көздері үйренген, біраз клиент базасы қалыптасқан, бұрынғы иесімен отырып ақылдасып, әрі қарай қалай дамытқан тиімді, оның жіберген қателіктерін есепке ала отырып, өз потенциалыңызды қосасыз дегендей.
Бір бизнесті бастамас бұрын, сол салада жұмыскер болып еңбек етіп, нәтиже шығару керек екен, сосын барып қателіктер жасап шығынға ұрынбас үшін, жеке бизнесті бастауға болатын сияқты.
Екінші варианты, эконмика және менеджменттік қабілеттің болуы, осы кезде сіз кез-келген бизнеске инвестиция құйып, жалдап алған қызметкерлерден нәтиже талап ете аласыз, маңызды емес қалай шығаратыны, бастысы уақытында кіріс әкелу және оны ар-ұят, заңдық тұрғы шеңберінде қол жеткізуі тиіс.