+2 дауыс
747 көрілді
Қазіргі қоғамда психологқа бару кеңесу ерсі көрінбей ма?

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бүгінгі таңда психологтің көмегіне жүгінгеннің ешқандай ерсілігі жоқ деп есептеймін. Себебі, жаныңыз қиналып, тығырықтан шығатын жол таба алмай жүрсеңіз , дәрігер ауруды емдейтін сияқты , психологтар жан жарасын емдеуге көмектеседі. Көбіне қазақ халқымыз өзімізге тән ұяңдық танытып , қысылып психолог мамандарына көп жүгіне бермейді. Ал қазір, оның еш әбестігі жоқ , заман өзгерді. Адамдардың ой көкжиектеріде кеңейе түсіп, бұл салаға түсіністілікпен қарайды. Бірнәрсе жаныңызды жегідей жеген болса, психолог ақыл-кеңес беріп тура жолын сілтейді деп ойлаймын.
0 дауыс
Ерсі емес шығар. Несі ерсі?
0 дауыс
Жоқ ерсі емес. Керісінше. Қазір көп барады.
0 дауыс
Еш ерсілігі жоқ-ау тіпті кез келген уақытта да қоғамда да
0 дауыс
Қазіргі қоғамда психологқа бару модно қайта) Психологқа барсан шынымен көмектеседі екен олар, олардың арнайы методикасы бар, оқыған психолог болса, пайдасы көп тиеді
сен қанша төледің? ақша төледің бе
Мен оқу орнындағы психологтарға барғам, олар ақша алмайды студенттерінен.
ммммм бәсе. әйтпесе жай психологтар көп ақша алады
0 дауыс

Бұрын психологтардың қызметін абысын-ажындар, жеңгелер, жезделер атқарған. Қазір бұл кісілер бір-бір маман иелері, жақын-жуықтарының сырын, мұңын тыңдап, кеңес беруге уақыттары бола бермейді.

Халық арасында "психологқа психикалық ауытқулары бар жандар ғана барады" деген түсінік қалыптасқан секілді. Бұл қате пікір. Себебі күнделікті тіршілік барысында кез келген жан әртүрлі күйзелісті бастан кешіріп, ірілі-ұсақты дағдарысқа ұшырап жатады. Осындай проблемалар отбасы жанжалына, ішкілікке, тағы басқа келеңсіздікке ұласады.

Психолог – арнайы теориялық білімі және практикалық тәжірибесі бар маман. Сондықтан маманға барып, кәсіби кеңес алудың пайдасы мол.

Кейінгі кезде елімізде психоаналитик мамандар дайындайтын оқу орындары ашылып, осы сала мамандарының көбеюіне әсер етіп отыр.

Психолог пен психоаналитиктің арасында айырмашылық бар. Психолог − адам санасындағы, алпсихоаналитик − адамның бейсанасындағы мәселелерімен айналысады.

Психоаналитик осы мәселелердің туындау себебіне терең талдау жасайды. Сол кезеңге оралта отырып, күйзелістен шығуға көмектеседі.

Бір қуантатын жайт, қазір әрбір мектепте екі психолог, әлеуметтік педагог бар. Бұл – мектеп ұжымы үшін де, ата-аналар мен оқушылар үшін де үлкен көмек.

Бұл кісілер сіздің құпияңызды, жан жараңызды ешкімге айтпайды. Екеуіңіздің араңызда ғана сақталады. Ғаламторда, тағы басқа ресурстардағы кеңестерден айырмашылығы: сіздің жеке басыңыздың ерекшелігін ескере отырып, тікелей жұмыс істейді.

0 дауыс
Қой таста психологсызда өмір сүре беруге болады.
0 дауыс
Психологка барган дурыс деп санаймын. Ішіңнен тынып журе берсең, жаның аура береді. Ал ішіңдегі сырыңды, сені мазалап жүрген ойларды сыртқа шығарсаң жеңілдеп қаласың. Психологтар сыр сақтай біледі, бұл олардың кәсіби міндеті деп білемін. Негізі барлық проблеманың шешімін тек өзің ғана таба аласың, психологтар тек жол көрсетіп, демеу бола алады.
...