0 дауыс
355 көрілді
Интернеттің келуімен мәдени процестер мен оның қоғамда көрініс табуында айтарлықтай өзгерістер болды деп ойлайсыз ба?

1 жауап

0 дауыс

Сөзсіз, интернет – ғаламдық ақпараттық-технологиялық өркениеттің жүзеге асқан құрылымы. Адамның өмір сүру тәсілі мен ойларына, өзін өзі ұстауына ғаламдық желі ықпал етпей қоймайды. Интернет тұлғааралық коммуникацияның елесін жасады, адамның жеке өмірін жариялап, әр адамның сөз алуына жағдай туғызып, әр құбылысқа өз қатынасын ашық білдіруіне мүмкіндік берді. Яғни интернет адамзат пен оның мәдениетін құпиялы, қастерлі нәрселердің киелігінен айырды деп айтуға болады. Онысымен бірге, интернет қажетті ақпаратты іздеп, оны табуға жол ашты. Ал ол ақпараттың сапасы мен ақпаратты тұтынбақшы болған адамның оған дайындығы – екінші кезектегі мәселе. Интернет жеке өзім үшін тұлғаның ересектігін анықтайтын лакмус қағазы сияқты болып қалды.

Альмира Наурызбаева

...