+1 дауыс
9.0k көрілді
Көкіректерін көтеріп шалқайып жүретін және адам менсінбейтін адамдарға мақалдар керек!

Рахмет!

6 жауап

0 дауыс
Көкірегіне нан піскен
0 дауыс
Жыламаған балаға көкірек жоқ.
+1 дауыс
Кедейдің кербезінен сақтан.
+2 дауыс

“Бидайдың көкірегін көтергені –. дақылы жоқтығы,. Жігіттің көкірегін көтергені –. ақылы жоқтығы” 

+2 дауыс
1. Жақсы адам ашуы - шай орамал кепкенше,

Жаман адам ашуы - басы жерге жеткенше.

2. Өмір – теңіз, Онда жүзем демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз (Рудаки)

3. Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең! (Құнанбай ата)

4. ...Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай. (С. Аронұлы)

5. Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.

6. Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.

7. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.

8. Тәкаппар тақсірет тартырады. (М. Қашғари)
0 дауыс
Әйелдің көкірегі қор болар,

Еркектің көкірегі зор болар.
...