1. Жақсы адам ашуы - шай орамал кепкенше,
Жаман адам ашуы - басы жерге жеткенше.
2. Өмір – теңіз, Онда жүзем демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз (Рудаки)
3. Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең! (Құнанбай ата)
4. ...Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай. (С. Аронұлы)
5. Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.
6. Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.
7. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.
8. Тәкаппар тақсірет тартырады. (М. Қашғари)