+1 дауыс
540 көрілді

"Жалпы ұлттық бақыт көрсеткіші" (Gross National Happiness) деп аталатын БҰҰ тарапынан жүргізілетін зерттеулер әлем халқының қызығушылығын туғызып отыр. Ғалымдар енді әлемдегі әр ел халқының қаншалықты бақытты екенін есептей бастады. Біздің еліміз 10 баллдық жүйеден 5,671 балл алып, 156 елдің ішінде 57-ші орында тұр. Осы нәтижемен келісесіз бе? Қазақстан азаматы ретінде өз бақытыңызға қанша балл бересіз? 

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол ұйымның бақытты өлшегеніне келіспеймін (қандай кретерилермен есептеді екен) Бақыт деген өзін бақытты сезіне білу емес пе, (Кейде маған африкалық немесе жаңа зеландиялық тайпалар бізден гөрі бақытты ма деп ойлап қалам)
Иә, мен де бақытты өлшеу мүмкін емес деп ойлаймын. Абстрактты ұғым ғой. Әлем елдерінің әлеуметтік жағдайын көтеру үшін жасалған дейді. ("Есептеу" шарты суреттің астында көрсетілген, айтпақшы.) Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ең жоғары Солтүстік Еуропа елдері тізімде көш бастап тұр. Меніңше осы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартса өздерін бақытты сезінеді дегенді айтпақшы шығар.
+3 дауыс
Қазақстан қазір жартылай бақытты ел. Себебі еліміз әлі де болса парақорлықтан бас ала алмай жатыр. Қаншама жастар жұмыссыз жүр. Сол бақытқа жата ма? Жастар келешегіміз дейді. Осы ма келешегі? Үй жетіспей қаншама адам баспанасыз жүр сол бақыттылық? Айта берсең көп. Қысқа нұсқа жартылай бақытты ел ғой.
0 дауыс
Меніңше, Happiness сөзін тікелей "бақытты" деп аударуға болмайды. Себебі, бұл сөз "көңілді, бақуатты,ерекшелігі бар" деген сияқты мағыналары да бар.
Ааа~ орысшасы "Валовое Национальное Счастье" (ВНС) екен. Корейшесі 행복. Бәрі бақыт деп аударылатын болған соң солай жазып қойғаным ғой)
...