"Жалпы ұлттық бақыт көрсеткіші" (Gross National Happiness) деп аталатын БҰҰ тарапынан жүргізілетін зерттеулер әлем халқының қызығушылығын туғызып отыр. Ғалымдар енді әлемдегі әр ел халқының қаншалықты бақытты екенін есептей бастады. Біздің еліміз 10 баллдық жүйеден 5,671 балл алып, 156 елдің ішінде 57-ші орында тұр. Осы нәтижемен келісесіз бе? Қазақстан азаматы ретінде өз бақытыңызға қанша балл бересіз?