0 дауыс
1.4k көрілді
Айталық, сайт жасауды үйрететін онлайн мектеп ашылса, мысалы, htmlbook.ru сияқты, барлық сабақтар қазақ тілді болса, кітаптар да, оқитын едіңіз ба?

8 жауап

0 дауыс
Әрине , оқитын едім
+1 дауыс
Онлайн емес, оффлайн болса оқитын едім, яғни сабақты ауызша, бетпе-бет жүргізсе.
онлайн болса тегін болады, тегін болмаса да тікелей оқығаннан өте арзан болады
+1 дауыс
Әрине, оқитын едім...Қосымша білім ешқашан артық етпейді..
0 дауыс
Онлайн жүргізу менің де ойымда болған мүмкін хабарласарсың!!!
иа, php? ... ... ...
0 дауыс
Таза қазақша болса оқимын, әрине. Терминдердің бәрін орысша қолданып, тек түсіндірмесі қазақша болса оқымайтын едім.
0 дауыс
Бірінші ашылсын. Егер түсінікті, қарапайым, нақты болса оқитын едім. Себебі дәл қазір HTMLді үйреніп жатырмын. Орысша офлайн урок тартып алып. Бәрі түсінікті, қысқа-нұсқа. Ал егер программалау тілін қазақшалап - шаш ал десе, бас алып кетсе, әрине оқымаймын. Ондай болса Универде-ақ бәрін үйреніп алар едім. Қазақшаға аударылған ғылыми кітаптарды түсіну үшін орысша түпнұсқасын оқығанымды жасырмаймын. 4 жыл қазақша оқыдық. Ал енді жүмыста сол қазақша баламаларды айтсаң ешкім түсінбейді. Содан кейін үйреніп кетесің барабан, мельница, дробилка, топка, труба деп. Даңғыра, диірмен, ұнтақтағыш, пеш, құбыр деп жұмыс істеп жүрген ешкім айтпайды.  Аударуға келмейтін терминдерді қазақшаға аударып не керегі бар деймін... Ашыңыз, көрейік, бағамызды сосын бере жатармыз)
бәрінің айтатыны сол, "уй қазақша термин бомайт, анау-мынау" деп бірден қашып кетеді, қазақшаға аударып бір терминдер тізімін қалыптастырғысы келгендер аз. Келетіндер бар, бірақ көбісі сіз айтқандай сөздің мағынасын түсінбей оңды солды аударарып (менікі де сондай болып кетпесе болды :-) ) быламық қылады. Көре жатармыз ... алдымен жасап көрейік
0 дауыс

Мы

Мынандай болып кетпесін дегенім ғой))

иа, ондайға мен де тіс тырнағыммен қарсымын
Талабыңызға Нұр жаусын!
0 дауыс
Дәл сол РНР емес, HTML,CSS,JAVASCRIPT,JQUERY, WORDPRESS,PHOTOSHOP дегендей
...