+2 дауыс
3.8k көрілді
Адам үшін дүниедегі ең қауіпті, бұл ..........

18 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Арманыңа жете алмай өтiп кету, қартайғанда қор болу, ұрпақсыз өту, дертi жоқ ауру, имансыз тозаққа түсу.
+3 дауыс

Адам үшін дүниедегі ең қауіпті, бұл - Адам

+1 дауыс

Адам үшін дүниедегі ең қауіпті, бұл - НАДАНДЫҚ

+1 дауыс

Мен зерттеу жүргізе келе, "Адам - сүтқоректі емес" деген тұжырымға келдім. Сүтқоректілер өзі мекендейтін ортаға бейімделіп, табиғатпен үндестікте өмір сүреді. Бірақ адам ондай емес. Адамзат белгілі бір аумақта өмір сүре отырып, барлық табиғи ресурстар таусылғанша көбейе береді. Тірі қалу үшін әрдайым жаңа аумақтарды жаулап алуға тырысады. Жер бетінде адамға ұқсайтын тағы бір тіршілік иесі бар. Ол - вирус. Адам - аса қауіпті ауру, Жер шарын жалмайтын қатерлі ісік.

-"Матрица" фильмінен-

+1 дауыс
Адамға ең қауіптілігі ол-ақымақтық, ессіздік. Ақымақ адам жақсылық жасап жүрмін деп ойлап ақ жамандық жасай береді, ол өзіне де, қоршаған ортасына да қауіпті.
+1 дауыс
Ең қауіптісі - өз денсаулығына салғырт қарау. Бұл адамды түрлі ауруларға, мүгедектікке, ерте өлуге соқтырады.
0 дауыс
Адамға бірінші білім емес, тәрбие керек, себебі тәрбиесіз алынған білімді адам - қоғамға қауіпті дегенді бір жерден оқып едім)
Әл-Фараби)
0 дауыс
ен кауыпты тукымсыз калу шыгар.
0 дауыс
Ұрпақсыз қалу ғой
0 дауыс
адамға ең қауіптісі тәрбиесіз берілген білім!

имансыздық

көреалмаушылық
0 дауыс
Адамға ең қауіптісі- ядролық қару)
+1 дауыс
Адам үшін ең қауіпті ол-адамның надандығы, білімсіздігі, ұятсыздығы және жалқаулығы...
–1 дауыс
Адамға ең қауіпті ол-қиын кезде досың сатып кеткенде!
0 дауыс
Адамға ең қауіпті иманы болмау,тозаққа түсу,шайтанның азғыруы…
0 дауыс
Адам үшін ең қауіптісі - үмітін жоғалту...
...