+3 дауыс
1.5k көрілді

өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін

Кореяда 98-99% өз тілдерінде сөйлейді. Шет елдерде мынадай әңгіме бар: егер орыс тілін үйренгің келсе, Қазақстанға барып үйренген тиімдірек дейді. Біріншіден арзан дейді, екіншіден практика бар дейді. Себебі қалаға шықсаң болды, қазақтардың барлығы орысша сөйлейді дейді. Тағы да бір әңгіме бар: шет елдердегі қазақ тілін үйреніп жүрген азаматтар Қазақстанға практика үшін барады. Олар былай дейді: Қазақстанға барсаң яғни Қазақстанның азаматтарына қазақша сөйлесең түсінбейді, орысша жауап береді дейді. Ал біз түсінбейміз дейді.Нақтысы шет елдік азаматтардың айтатыны, қазақстан азаматтары өз тілдерінде білмейді деген әңгіме шығады. Менің ойымша қазақстан азаматтары қазақша сөйлеу ұят деп есептейді-ау деймін. Әсіресе жастары. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген мақал бар емес пе? ағайындар. Бұл мақал бекерден-бекер айтылмаған шығар. Жоғарыдағы адамдар яғни бастықтар балаларын орыс мектебіне береді. Қазір қарапайым халық та балаларын орыс мектебіне беруге тырысады. Балаларыңызды орыс мектебіне бермеңіздер деп айта алмаймын. Себебі орыс тілі де керек. Бірақтан үйлеріңізде балаларыңызбен қазақша сөйлесуге тырысасыздар ма?

12 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Үйімде отбасымызбен қазақша сөйлеуге тырыспаймыз, керісінше, нақты 99% қазақша сөйлейміз, 1%-ы аралас тілде.. Иә келісемін, қазір кейбір жастар (оның арасында СЖ-ның кейбір қолданушылары да бар) қазақша білсе де орысша сөйлейді (жазады). Сылтаулары "қазақшаны жақсы білмейміз" бірақ, сөйлесе қазақшаны менен жақсы біледі. Сонда түсінбеймін, неге солар қазақша сөйлегісі келмейді? Мүмкін, қазақ тілін менсінбейтін шығар?! Қазақша сөйлесек заманнан артта қалып кетеміз деп ойлайтын шығар?! Жалпы, қазақша сөйлемейтіндерге жыным келеді. Оларға қарағанда, ұлты қазақ емес бірақ қазақша сөйлейтіндер мың есе артық..
+2 дауыс
Үйлерінде қазақша сөйлемейтіндер бұл сайтта жоқ
Дұрыс айтасыз.
+2 дауыс
Оңтүстік Корея сияқты жергілікті халқының 99 пайыздан астамы корейлер болып табылатын бір ұлтты мемлекеттің, 1910-1945 жылдар аралығында ғана Жапонияның отары болған елдің, АҚШ-тың "қол астына" кіргеннен бері Жапонияның мәдени ықпалынан (soft power) аластатылған елдің өз тілінде сөйлемеуге хақысы жоқ!! Қазақ тілін үйренуге мүлдем құлық танытпайтындардың әлі де көп екені рас. Дегенмен тілімізді сақтап қалғанымыз, жас буынның арасында ана тіліне деген құрметтің артып келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Бір елдің жетістігін көрсек болды, өз ұлтымызды кемсіте бермей, реалистік тұрғыда салыстыруға тұрарлықтай елдермен (басқа Орта Азия елдерімен) салыстырған дұрыс деп ойлаймын. Ал орыс тілін үйрену үшін Ресей халқының "ұлтшыл" мәдениетінен "қорқатын" Шығыс Азия жастарының елімізде орыс тілін үйренуге ағылатыны ойлануға тұратын мәселе екеніне келісемін. Олардың басым көпшілігі бастабында қазақ тілін үйренгенімен, жұмыста сұраныс жоқ болған соң орыс тілін үйренуге мәжбүр боламыз дейді. Қазақ тілінің жағдайына шетелдіктердің алаңдаушылық танытқанын көргенде, не жыларыңды, не күлеріңді білмей қаласың(((
+2 дауыс

Өзім  қазақша сөйлеймін, Кейбір қазақтардың орысша сөйлеп тұрғанын көріп жыным келеді

0 дауыс
Жоқ қазақша 96% ал күнделікті түсінікті атауларды 4% орыс тілін араластырамыз.(Тек орышша сайрап жатырған қазақтарды көрсең ашуың келеді,жынданып кетесің)
0 дауыс
Қызылорда облысында қазақ отбасыларында тек қазақша сөйлейді. Себебі, қазір ана тілінде сөйлемеу "мамбетизм" деген пікір қалыптасқан.
олай қателесіп, Мамбет сөзін жаман сөзге айналдырмаңыз, білсеңіз "Мамбет" сөзі Пайғамбарымыз С.Ғ.С "Мухаммед" сөзінен шыққан.
Тіпті де олай емес! Мамбет сөзінің пайғамбарға еш қатысы жоқ.
+1 дауыс
Біздің отбасымызда 100% қазақша сөйлейді.
+1 дауыс
Біздің үйде теледидар ғана орысша сөйлейді)
+1 дауыс

Қазақ тілінде сөйлегендерді "мамбет " дейді , қазақ жастары ана тілдерінде сөйлеуге ұялады деген сөздермен келіспеймін. Ия, мүмкін сіздердің ақылы жоқ таныстарыңыз сондай пікірде болар ,  бірақ бұл барлық  орысша сөйлейтін жастар/адамдар осындай пікірде деген сөз емес. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан Қазақстанның барлық азаматтары қазақша білуге тиіс. Алайда қазақша білу керек деген сөз - орысша сөйлемеу керек деген сөз емес.  Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан орыс тілі керек деп ойлаймын. Мен қазақпын, мен қазақ мектебінде оқимын , менің  достарымның көпшілігі қазақтар, бірақ мен кейде  орысша сөйлеймін.  Кішкентай кезімде атам мен апамның қолында болдым. Атам  көбінесе орысша сөйлейтін , туыстарымның көпшілігі орысша сөйлейді, анам орыс тілінің мұғалімі .  Көрші құрбыларымның барлығы орыстар, мектепте де орысша сөйлейтіндердің арасында болдым. Кішкентай кезімнен орысша сөйлегендіктен , қазақша кейбір сөздер ойыма түспей қалады , маған өз ойымды  орыс тілінде жеткізу  әлдеқайда  жеңіл.Қазақша да , орысша да , ағылшынша , түсінетін адамдар болса түрікше де сөйлеймін, себебі мен қай тілде сөйлесем де өз еркім. :) 

0 дауыс
Көбіне жасөспірім қыздар орысша сөйлейді. Ойыңды оңай жеткізесің орыс тілімен, қазақ тілімен дұрыстап жеткізу үшін кітап оқу керек. Кітап оқитын жастар жоққо қазір)
+1 дауыс

ҚАЗАҚ ТІЛІН НАСИХАТТАУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ТҮРІ - ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСУ, ҚАЗАҚША ЖАЗУ, ҚАЗАҚША ОҚУ

0 дауыс
рахмет,өте орынды
...