Үйімде отбасымызбен қазақша сөйлеуге тырыспаймыз, керісінше, нақты 99% қазақша сөйлейміз, 1%-ы аралас тілде.. Иә келісемін, қазір кейбір жастар (оның арасында СЖ-ның кейбір қолданушылары да бар) қазақша білсе де орысша сөйлейді (жазады). Сылтаулары "қазақшаны жақсы білмейміз" бірақ, сөйлесе қазақшаны менен жақсы біледі. Сонда түсінбеймін, неге солар қазақша сөйлегісі келмейді? Мүмкін, қазақ тілін менсінбейтін шығар?! Қазақша сөйлесек заманнан артта қалып кетеміз деп ойлайтын шығар?! Жалпы, қазақша сөйлемейтіндерге жыным келеді. Оларға қарағанда, ұлты қазақ емес бірақ қазақша сөйлейтіндер мың есе артық..