Мектеп | 961 қаралды
961 қаралды
Ұбт ға қалай дайындалып жүрген кезде қай пәннен бірінші дайындалу қажет немесе барлық пәнді қатар алып жүру керек пе? Кейін ұбт кезінде қайсы пәннен бірінші бастап бояй берген дұрыс қиын әлде жеңілінен? Ұбт тапсырғандар ақыл кеңестерінді айта кетіндер)

4 жауап

Ең бірінші орыс тілін белгіле. Сосын тарих, таңдау пән, қазақ тілі, матем. Сәттілік тілеймін. Бәрін қатар алып жүру мүмкін емес
Жақсы Жауап
дайындық туралы айтарым

алдымен өзіңе қай пән оңай келеді соларды 25 алатындай етіп тастау керек

сосын қиын пәндерді күнделікті дайындалу. Ұзын және жоспарлы дайындық керек.
бірақ алгебрадан беретін мұғалімім бірінші алгебрадан шығара алам дегенді шығарып кет кейін 30 минут қалғанда менің әлі алгебрам бар ғой деп қалмандар дейді.соған қалай қарайсыз?
Ол сіздің математикадан қаншалықты дайын екеніңізге байланысты, байқау сынақтарында математикадан 25 сұраққа қанша уақыт жұмсайсыз?
Байқау сынақтарында уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
Мысалы мен кезінде
қазақ тілі + тарих + орыс тілі = 1 сағат
математика + физика= қалғаны
сосын бал қанша болды?
109 балл, алтын белгі
Ол сіздің математикадан қаншалықты дайын екеніңізге байланысты, байқау сынақтарында математикадан 25 сұраққа қанша уақыт жұмсайсыз?
енді ол есептің жеңіл немесе қиындығына байланысты мен былайша математикадан жақсымын бірақ геометриядан көп уақыт жұмсап жіберіп жатырмын.
Ал қазақ тілі + орыс тілі + тарих қанша уақыт кетеді?
оны есептеп көрмеппін кейінгі пробный тапсырғанда есептеп көрмесем.
5 пәніңіз қандай?
биология,қазірше мектептің қосымшаларына барып жатырмын, тек алгебрадан ғана ақылыға барамын.
1) қазақ тілі, тарих, орыс тілі. биология -  тез жауап берілетін пәндер. Олардан шеберлігіңізді жоғары деңгейге келтіріп алыңыз. Шамамен 1,5 сағат жеткілікті.
математика - ойландыратын, есептеулер керек ететін пән, соңында жасаңыз...
Қазірден жоғарыдағыдай 4 пәнді алдымен жасап үйреніңіз
көп көмегі тиеді құдай қаласа )))))
бул жерде ен киындары тарих пен тандау пангой.Мен озым катарынан белгылейтынмын.Тек математиканы соныны калдыру керек.Себебы киын есептерды шыгарамын деп калгандарына басын жетпей,миын ашып калады.
118,430 сұрақ
305,377 жауап
153,302 пікір
67,811 қолданушы