0 дауыс
24.0k көрілді
Кіші қазан бағыты дегеніміз не? анықтама керек 1,2 сөйлемді википедия сияқты қысқа да нұсқа болу керек

3 жауап

0 дауыс
Индустрияландыру – халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бес-жылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: 1)Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 2)Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. 3)Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар.4)Жергілікті мамандардың жетіспеуі.5)ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. 6)Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.7)Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. \ Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4 %) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:а)Өлкенің техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою. Б)Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. \ Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің (1925-1933ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет" деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. \ "Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты: 1)Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту. 2)Өлкені шикізат базасы ету. \ Голощекин бұл қағидасын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.\ Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуакасов "Кіші Қазан" бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты: 1)Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2)Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру. \ Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: 1)"Түйеден социализмге" өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды.2)Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді.3)Қазақтармен енеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес. 4)Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді. С.Сәдуакасов пен Ж. Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары "ұлтшылдық көрініс"
0 дауыс
"Кіші Қазан" тонкерысы бойынша  айтылган шыгар бул багыт . Халык шаруашылыгын жаппай индустрияландыру саясаты бул идеяны усынган Голощекин болган
0 дауыс
Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің (1925-1933ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет" деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. \ "Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты: 1)Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту. 2)Өлкені шикізат базасы ету.
...