0 дауыс
2.5k көрілді
Қазақша әдеби шығарма желісі бойынша бастауыш сынып оқушыларына(4-сынып) көрініс сценариі керек.Тауып бере аласыздар ма?

1 жауап

+1 дауыс
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан театрландырылған сахналық көрініс.

Пән мұғалімі: Бақытжан Қ.

Театрландырылған кештің МАҚСАТЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ.

1) Мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы толығырақ мәлімет алу, «Батыр Баян» поэмасын толық меңгеріп, оны шеберлікпен сахналау.

2) Өзектілігі: Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру. М.Жұмабаев шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

І бөлім: Ақын өмірі жайында бейнебаян көру. Бейнебаянда:

М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы

Қазақ әдебиетінің хх ғасыр басындағы шоқ жұлдыздарының бірі-М.Жұмабаев XIX ғасырдың аяғы мен хх ғасырдың басында өмір сүріп,қазақ әдебиетіне ерекше сәнімен, өлмес әдеби мұрасымен,бай сезімімен, сыршылдығымен келген. М.Жұмабаев1893жылы Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданы «Молодежный»совхозында дүниеге келген.

Мағжан Жұмабаев алғаш білімді ауыл мұғалімінен алып, ертерек хат таниды.1905жылыҚызылжардағы медресеге түсіп, 1910жылы бұл медресені жақсы бітіріп шығады.Содан кейінгі жылдары Уфадағы медресе-Ғалияда дәріс алады. 1913-1917 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923-1926 жылдары Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітіреді.

1913 ж.Қазан қаласында «Шолпан»атты тұңғыш жинағы жарық көрді.

1927ж.М.Жұмабаев еліне оралады.Оқытушылық қызметпен айналысады,жаңа өлеңдер жазады.Осы кезде жала жабылып,он жылға концлагерьге айдалады.Одан 1936ж.босанып шығып,бір жылдан кейін қайта ұсталып,1938 жылы 19наурыз күні атылады.Ақынға «халық жауы»деген қара таңба басады.Оның шығармалары да қараланады.Тек жарты ғасыр өткеннен кейін ғана ақын аты елімен, жерімен қайта қауышты.

ІІ бөлім: «Батыр Баян» сахналық театрландырылған көрініс

«Ерке сылқым» күй» ойнап тұрады

І –көрініс

Автор сөзі: Наргиз - Арқада жер жетпейді Бурабайға,

Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.

Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

Бөлектау: «Ой,бауырым!» - дер анадайда.

Оқ жетпес найза қияр-қыранға ұя,

Қарасаң жанның шері тарайма?

Солардың ортасында Бурабай көл,

Мөп-мөлдір,дөп-дөңгелек,ұқсайды Айға.

Бурабай-Арқа аралы,жер еркесі,

Ерте қоныс болған Абылайға.

Бауырында Бурабайдың қалың ағаш,

Көкшенің жалыменен біткен жалғас.

Аурудың ақпен өрген тұлымындай,

Қарағай,қызыл қайың,тал аралас,

Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш,

Дариға,бұл күндерде жап-жалаңаш!

Қабірінен әулиенің алашқа артық,

Хан Абылайға орда болған бұл ағаш,

Ордасын сол ағаштағы Абылайдың,

Меккедей тәуеп қылған тәмам алаш,

Қиын күн туған алаш баласына,

Шұбырып жапанның сар даласында,

Кез болған жаудан үркіп «Ақтабанға»,

Дұшпанның қалғандай боп табасына,

Арқаға аяқ салып түскен барып,

Екі оттың орыс, қытай арасына

Күндерде сонау қара тапсырған ел,

Тағдырын Абылайдай данасына,

Дағдарған алаш енді қайда бармақ?

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,

Күндердің бір күнінде хан Абылай,

Қалмаққа ойына алды ойран салмақ.

Бурабай бейнесі (слайд)

Абылайдың хан ордасы (ханның тыным таппай әрлі-берлі жүрген сәті)

Құрманғазының «Балбырауын» күйі ойналады

Қолбашы Заманбек: - Сүйінші, сүйінші, жеңді батыр, жеңді. Ақ туымыз көкке көтерілді.Өзі де келеді, батыр келеді, Баян батыр келеді. Уа, хан ием, уа халқым, қуан енді, Қазақ әскері қалмақтың қолын жеңді.Біз жеңдік. Қазақ жеңді.

Бәрі: Баян келе жатыр, батыр келе жатыр, -десті.

-Атағы алты алашқа аян Баян батыр қанжығасына қалмақтың бір сұлуын ертіп келеді.

(Баян батыр келеді, қасында, әскері, тұтқын қыз)

Барлық әскері:

- Баян батыр (хормен)

Батыр Хан Абылайдың алдына келіп:

-Алдияр,сөзім қысқа,

Екенім менің Баян алашқа аян,

Алдияр,ел ағасы,ханым дана,

Алашқа ауыр күнде болған пана,

Кешігіп,күнәлі боп,енді алдыңа

Келді ерің іші-жалын,жаны жара.

Абылай:

- «Жау» десе жатпайтұғын батыр Баян,

Апырым-ай,келмеуінің мәні қалай?

Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,

Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді.

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,

Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?

Жебесі көбе бұзып,жүректі үзбей,

Найзасын,сірә,шалғай сермеп пе еді?

Бірін айт,бәрін айт та,басқа батыр

Баяндай: «Алашым!»-деп еңіреп пе еді?

-Жарадың батыр, елдің қуанышын бірге көтерейік, бәйбіше қазан ас, бүгін ақ түйенің қарны жарылсын, елге сүйінші хабарды дереу жеткіз.

Қолбасшы: -Құп болады.

Әуен ойнап тұрады.

ІІ - көрініс.

Тұтқын қыз бен жар сығалап жүрген батырдың інісі жас Ноян.

Әуен ойнап тұр

Автор сөзі Замзагүл:-

-Ер Баян жас сұлуды алып келген,

Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген,

Қан жауып екі көзін қанды балақ

Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.

Баянның інісі бар он бес жаста

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян,

Ноянның бар ақылы білегінде,

Билеген асау жүрек, қайнаған қан

Көргенде-ақ сұлудың бір қарауынан

Ноянның жүрегінде ұшқын туған

Сол ұшқын өртке айналып, жап-жас Ноян

Алысып жүрегімен аласұрған

Сұлуға, тәңірі көріп табынғандай,

Жанса да жап-жас Ноян, сұм сұлу қыз

Көп заман жүрді бірақ көзде салмай

Сонда да кейбір кезде ақ бетіне

Бір нәрсе жүгіруші ед ыстық қандай...

Нояннан о да көзін алмас болды,

Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп,

Шешілді екі жастың жұмбақтары.........

Ноян Марден:

Ей бейтаныс қыз, бетіңді ашсаңшы, көрсет кәне жүзіңді, қане қорықпашы, айтшы мұң мен шеріңді, сұлуым, мен тыңдауға әзірмін.

Осылай қалмақтың тұтқын қызы батыр Баянның махаббат сезіміне аңғалдықпен берілген жас Нояннан басына бостандық беруін өтінеді.

Қыз сонда Әсем: «Қалауым бар, Ноян батыр,

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр,

Арқаның аруы боп жүрсем дағы,

Алыста туған, өскен жерім алыста жатыр.

Өткізген балаусадай бөбек күнім,

Барқыттай белес-белес белім жатыр,

Айбындай арыстандай құмда кезген,

Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр.

Барқыт бел,қашқан қалмақ қалсын адыра,

Ата-анам-айым менен күнім жатыр.

Ер Баян біздің елге барған еді,

Көп қойға көкжал ойран салған еді.

Бөбегін шырылдатып ап кеткенде,

Ата-анам жырлап-зарлап қалған еді.

Сорлы анам көкірегін көкке салып,

Қан жылап менен бір ант алған еді.

Ол анты: «Елдің шетін,анам бетін

Бір көрмей,қозым,ерге барма»,-деді.

Анама сөзім- анау,өзім-мынау,

Жас Ноян,жүгінемін ер деп сені»...-

Жас Ноян Марден:ойланбастан:

-Мен көндім.

Қыздардың «Ақ жайнақ» халық әніне биі

ІІІ - көрініс

Автор сөзі Наргиз: -

Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп,

Екеуі ескен желдей кетіп қалды.

Кетті олар. Сәске болды, ауыл тұрды.

Алдымен ер Баянға хабар барды......

* * *

Бір жігіт батырға келіп, інісі Ноянның қалмақтың тұтқын қызын босатып жібергенін және онымен қоймай өзінің бірге жат елге еріп кеткенін естіртеді.

Автор сөзі Наргиз:-

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,

Жаралы жолбарыстай күңіренді.

Қорғасын миын, ойын төмен басып,

Ақылға алғыр құстай ашу төнді.

Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,

Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді

Ақыры ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.

Өлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян,

Боз үйден оқ жыландай шыға келді.

Ер Баян сол кеткеннен кете барды,

Мініп ап белдеудегі көк тұлпарды.

-Жоқ аға атпа, атпа аға!

-Жат елдің құлы болғанша өз қолымнан өл!

Автор сөзі Замзагүл: -

Зарланып күңіренді батыр Баян,

Мезгілде күңгірт тартқан кешке таман:

«Кең ақыл, отты қайрат, сырттаным,»деп

Ер едім еркелеткен алаш тамам.

Сындырдым азғана Уақ елім белін,

Елімнен кетіп елді қайдан табам?

Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

Ісімді мынау ағат немен жабам?

Қара бет болдым алаш баласына,

Ер дер ме енді мені Абылай данам?

* * *

Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!

Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.

Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін,

Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.

Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,

Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.

Баян батыр Жеміс:

Тартқанда сынбадың-а, сұм садағым!

Қайтейін, арымадың, арда күшім!

Жоқ, әлде, жоқ, жоқ.... Әлде ..... Өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін!

Наргиз: - Сахналық қойылым қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі-ақын М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынды.

Абылай хан бейнесін сомдаған – Омаров Данияр

Баян батыр бейнесінде – Сапарбек Жеміс

Қалмақтың тұтқын қызының рөлінде – Қайырбек Әсем

Батырдың інісі Ноянның рөлінде – Қайыргельдинов Марден

Қолбасшы рөлін сомдағандар - Жанайдаров Заманбек
...