0 дауыс
Ұшықты емдеу жолдары. Еріндегі ұшық кетіру
08.12.2014 9.3k қаралым

4 жауап

0 дауыс
Дәріханаларда "Ацикловир-акос" деген жақпа май сатылады. Өзі кішкентай ғана 11 грамм ба сондайын алса жетеді.Жақсы көмектесті маған,  қолданып көріңіз.
08.12.2014
0 дауыс
Иммунитетінді көтерсен, ешқандай дәрісіз де кетеді. Қоздырғышы гепес вирусы болғандықтан бактерияға қарсы ештене жақпай-ақ қой, беті ашық болса қурап тез кетеді. Негізі иммунитетін дұрыс болса мүлдем шықпайды, және ол жұқпалы вирус.
08.12.2014
+1 дауыс

Бірінші қолға алу керек нәрсе - иммунитетті жоғарылату. Дәрумендер мен минералдарға бай, пайдалы тамақ ішіңіз, дәрумендер жиынын қабылдаңыз. Ағзадан улы заттарды шығарудың бірден-бір амалы - спортпен шұғылдану.

Ұшықтың өзіне түймедағы қайнатпасына батырылған мақтаны қойып емдесе болады. Сондай-ақ жалбыз, женьшень, қырмызы қайнатпаларын ішу керек.

Ұшықтын өзіне тіс пастасын жағу не пиязбен сүртіп тұру керек деген көзқарастар бар. Алайда олардың әсерлігі медицинамен дәлелденбеген, сондықтан дәріханадан арнайы ұшық емдейтін дәрілер алған жөн.

08.12.2014
0 дауыс
Иммунитет көтеру үшін, болып жатса, жагдай келсе, таза қымыз, шұбат ишсе, иммунитет тез котериледи. Жок дегенде 1 ай ишсе адам денсаулыгы жаксарады. Дәрумендерге қараганда осылар пайдалы. Ақша құртып дәрумен алғанша, Ең пайдалысы қымыз, шұбат алыныз. (саумал ишсе типтен жақсы).
17.11.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы