0 дауыс
570 көрілді
Ер кісінің әйеліне қатысты қандай міндеттері бар?

1 жауап

+1 дауыс
1. Ішетін, жейтін халал аспен, киіммен, баспанамен қамтамасыз ету;
2. Өмірлік жарына иман, намаз, көркем мінез секілді шариғат талаптарын үйрету;
3. Неке қиыларда қалыңдық талабы бойынша мәһір беру;
4. Әйелімен сыпайы, әрі көркем мәмледе болу;
5. Әйелін құрметтеу, қадірін білу және жақсылық жасау;
6. Зайыбының төсек құмарын қанағаттандыру;
7. Әйелінің ой-пікірлеріне құрметпен, ал кемшіліктеріне түсіністікпен, кеңдікпен қарау;
8. Үй ішіне қатысты істерде ақылдасып отыру.
...