Алынуы
Фосфор (V) оксидін суда еріту арқылы
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4
Фосфоритке концентрлі қышқылмен әрекет ету арқылы
Са3(РО4)2 + 3H2SО4(конц) = 2Н3РО4+ 3CaSО4
Фосфор қышқылы үш түрлі тұз түзеді: NaH2PО4 - натрий дигидрофосфаты; Na2HPО4 - натрий гидрофосфаты; Na3PО4 - натрий фосфаты.
Фосфор қышқылының Na, К тұздары - ортофосфаттары, гидро- және дигидрофосфаттары суда жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері
Фосфор қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсетпейді, қышқылдарға тән барлық реакцияларға түседі.
1) активті металдармен сутек бөле әрекеттеседі:
2Н3РО4 + ЗСа = Са3(РО4)2+ ЗН2↑
2) негіздік оксидтермен тұз бен су түзеді:
2Н3РО4 + 3MgO = Mg3(PО4)2+ ЗН2О
3) негіздермен тұз бен су түзе әрекеттеседі:
Н3РО4 + 3NaOH = Na3PО4 + 3H2О
4) әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі;
2H3PО4 + 3Na2S = 2Na3PО4 + 3H2S↑
жаңа тұз және жаңа қышқыл түзеді.
Фосфор қышқылының қалдығына (РО43-) сапалық реакция жасау үшін күміс ионы (Ag+) қолданылады.
Н3РО4+ 3AgNО3 = Ag3PО4↓+ 3HNО3
(РО43-+ 3Ag+→ Ag3PО4↓
Қолданылуы
Н3РО4→фосфаттар→тыңайтқыш.
Фосфор қышқылы тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті органикалық фосфорлы қосылыстар күйінде көптеп кездеседі (АТФ; глюжкозофосфат)