+2 дауыс
258 көрілді
Тәуелсіздіктен бері түсірген кейбір киноларымыздың ұлттық бояуы өте солғын, көріп отырып қазақ киносы деуге ауызың бармайды. Ата-бабамыз адамзатта алғашқысы болып жылқыға жүген салған еді,  «тұлпар мініп, ту ұстап» осы байтақ жерімізді қорғап қалған еді. Әндеріміз де "мінгенім астымдағы..." деп басталмайтын ба еді?  Ендеше неге қазіргі кинода есектер "актер" боп жүр? Киноны көрсең қаптаған есек. Мысалы, "Құрақ көрпе", "Келинка Сабина" деген фильмдерде есекке арба шеккен, ауыл сақшысы есек мінген, есек мініп келін қуған ата, кешқұрым есекпен кездесуге келгендер.. Ата-бабамыз қашаннан бері есек мінген еді? Бұл киноларды көрген жеткіншектер не ойлайды?  Не десек те «тұлпарлардан есек озған» заман болып тұр-ғой. (Кино саласында есектен басқа да түйткілді мәселелер көп, әрине. Деседе ұлттық бояуды солғындататын кез келген көрініске мұқият көңіл бөлген жөн деп ойлаймын.)

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақы кітаптар оқымаған , қазақы тәрбиені сезінбеген режиссерлер болған соң сондай болған шығар.
+1 дауыс
Баян Есентаеваның "Осторожно корова" деген киносында да ауылына есекпен барады) Есек көбейіп кетті шынымен))
...