+2 дауыс
15.7k көрілді
4 айлық балам бар. ембегеніне 2 аптадай болды. сүтім әлі шығады. сығып тастаймын. қалай кетірсем болады?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүтті кетіретін арнайы таблеткалар бар ғой. Нарк,бромкр*,дости* деген. Толық жазбай ақ қояйын аттарын құрығырлардың. Жеңгемнің айтуынша ол таблеткалар өте зиянды дейді. Қан қысымын түсіріп, басты айналдырып жібереді екен. Тіпті кейінгі нәрестені босанғанда, көкірекке сүт келмей қалу қауіпі бар. Жеңгем де сүтін кетіре алмай әуреге түскен, баласы 2 жасқа жақындап қалып еді себебі. Көкірегіңді қатты қысып байлап жүр , сонда сүт кетіп қалады деп кеңес беріпті дәрігері. Ақылды кеңес деп ойламаймын, себебі ол маститке шалдықтыруы мүмкін. Шалфей шайын ішіңіз, сұйық тағамдарды аз қабылдаңыз. Ең дұрысы бала неге ембей қойды, соның себебін анықтап алуыңыз керек. Сәби үшін ана сүтінен артық тағам болмаса керек. Ана сүті баланы түрлі аурулардан сақтап, мықты иммунитт қалыптастырады. Ана сүтін 1-2 жасқа дейін емген бала мейірімді, бауырмал болып өседі әжем айтпақшы. Балаңыз ауырып қалған жоқ па?! Суықтап , мұрны бітіп , тыныс алуы қиындап, қиналып ембей қойды ма? Әлде сүтіңіз қышқылтым болып кетті ме? Соңғы кездері қандай да бір таблеткалар қабылдап па едіңіз?
3 айында катты ауырып укол дарилер алган болатынмын. Сол кезде енем карап смес уйреткен болатын. Содан кейин емуди токтатты
0 дауыс
Дәріханада бір май бар. Аты есіме түспей тұр. Барып сұрасаң айтпды.
...