0 дауыс
1.5k көрілді
Қазіргі таңда пневмонияны қалай емдейді?

4 жауап

+1 дауыс
Ем мақсаты: клиникалық симптомдар мен окпелік инфильтрацияның регрессі.
Дəрі-дəрмексіз ем: науқастарға көп мөлшерде сұйықтық ішу, тыныс алу жаттығулары, фитотерапия ұсынылады.
 Дəрі-дəрмектік ем: пневмония ағымының ауырлығына байланысты эмпириялық антибактериалды терапия.

Терапия ұзақтығы 7-10 күнді құрайды. Микоплазмалық немесе хламидиялық инфекциялар туралы эпидемиологиялық немесе клиникалық деректер болған кезде емдеу ұзақтығы 14 күнді құрайды.
Антибактериалды препараттарды ауыз арқылы қабылдау жолы таңдалады. Дренаждық функцияны жақсарту үшін  1 таблеткадан күніне 3 рет карбоцистеин, амброксол қабылданады.
Микоздың пайда болуын емдеу жəне алдын алу үшін, ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде, ауыз арқылы қабылдау үшін итраконазол 200 мг 2 р/тəулігіне 14 күн бойы.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: Диспансерлік бақылауға клиникалық тексеру, жалпы қан анализі, С-реактивті белокқа қанды, сиал қышқылын, фибриноген, серомукоид, гаптоглобинді зерттеу кіреді.
 

Дәрі-дәрмектер тізімі, басқа да ақпараттармен толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://diseases.medelement.com/disease/view/MTI5MzE%253D/fDEyfA%253D%253D
–1 дауыс
Жасына байланысты антибиотикпен емдейді,
0 дауыс
Көп жағдайда амбулаторлы түрде:

Суықтан қорғану

Антибиотиктер (Ең басты ем)

Қақырық түсіретін және қақырықты ерітетін

Температураға байланысты антипиретиктер немесе НПВС

Қосымша витаминдер
0 дауыс
Оны негізі шұбатпен де емдейді.

Ұқсас сұрақтар

...