0 дауыс
1.3k көрілді

"Дармштадтий" элементі қай жылы, кім ашты? Неге ол 110шы элемент болды?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Элементтің атын ашылған орнының (Германиядағы Дармштадт қаласы) құрметіне қойды. Алғашқы рет 1994 ж. Дармштадттағы Ауыр иондларды щерттеу орталығында синтезделген. Осы орталықта бұның алдында 1981-1984 жылдар аралығында 3 элемент ашылған: 107 (борий), 108 (хассий) және 109 (мейтнерий). Дармштадтий ашылғаннан кейін тағы 2 элемент синтезделген: 111 (рентгений) мен 112 (коперниций).

сілтеме

+1 дауыс
Элементті ашуға қатысқан ғалымдар: С. Хофманн, В. Нинов, Ф. П. Хессбергер, П. Армбрустер, Х. Фолгер, Г. Мюнценбер, Х. Шотт, т.б. Дармштадтий  Ауыр иондларды зерттеу орталығы (GSI) орталығында ашылған төртінші элемент, оған дейін 107 (борий), 108 (хассий), 109 (мейтнерий) элменттері, одан кейін 111 (рентгений) и 112 (коперниций) ашылған. Оның 110-шы элемент болуының себебі осы. Оған бұл атау 2003 жылы Оттавада өткен IUPAC-дің (Халықаралық теориялық және қолданбалы химия Одағы) 42-ші отырысында берілді.
...