+1 дауыс
1.1k көрілді
Жауын-шашынды күні автокөлік сирек жүретін жолдың бойымен, өз көлігіңізді айдап кетіп бара жатырсыз. Жол бойында автобус күтіп тұрған үш адамды көрдіңіз: 1) екі аяғынан әрең тұрған жасы тым егде тартқан науқас кемпір; 2) үйіне баруға асыққан, бір кезде сізді өлім аузынан алып қалған досыңыз; 3) сіздің арманыңыздағы қыз (жігіт). Егер көлікке тек екі-ақ адам (сізді қосқанда) отыра алатын болса, кімді таңдар едіңіз? Егер апаны қалаға дейін жеткізсеңіз, бір адамның өмірін құтқарасыз. Досыңызды таңдасаңыз, оның жақсылығына жақсылықпен жауап беруге мүмкіндік аласыз. Ал сіз армандаған қыздың / жігіттің сізге екінші рет кездеспеуі де мүмкін. (Бұл бір ірі компаниядағы жұмысқа қабылдау барасында қойылған моральдық-этикалық дилемма. Оған 200 үміткердің ішінен тек біреуі ғана дұрыс жауап берген екен. )

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Досымды рульге мінгізіп, жанына қартты отырғызатын едім де, өзім сүйікті қызымды такси арқылы немесе жаяу үйіне жеткізіп салар едім.
–1 дауыс
Апаны ғана отырғызам,,,
0 дауыс
3 ты тандаймын,
0 дауыс
"Ештеңе көрген жоқпын" деп өтіп кетемін.
0 дауыс
Рульге досымды отырғызып, науқас кемпірді ауруханаға апаруын өінемін. Өзім арманымдағы қыздың қасында қалар едім.
...