+2 дауыс
758 көрілді
Қоғамдық көліктерді жиі пайдаланасыз ба? Еліміздегі қоғам көліктердің кемшіл тұстары қандай? Сізге қай жағы ұнамайды немесе нені өзгерткіңіз келеді?

15 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Біріншіден, кондукторлар мәдениетсіз.Сосын қоғамдық көліктерде толыыыыық кондукторды алатыны ұнамайды((.Сол жағалауға баратын автобустар ғана нормәлнілеу)Ұнайтыны: асаба кондуктор бар, оқуға жеткенше көңіліңді көтеріп жібереді)
ол асаба зейнетке шыққанба сонда
+2 дауыс
1.Жоқ,

2.Ескі,

3.Барлығын жаңалау керек және сол қоғамдық көліктер өзімізде шығарылса
+2 дауыс
Тар болады,таксимен жүремін.
+3 дауыс
Көпшілігі ескі , лас , нашар иіс шығып тұрады. Жүргізушілер  қалай болса солай , тірі жанды емес, бір зат  әкеле жатқандай айдайды  Адамдар көп болады , кейбірі өте дөрекі, тұру да ,отыру да ыңғайсыз. 2-3 рет жүргеннен кейін ,  енді жоламаспы деген шешімге келдім :)
Иа Талдықорғанда газельдер ыңғайсыз. Оларды 1-қаңтардан бастап алып тастайды дейді ғой
Талдықорғандағы автобустар мен газельдерге отырып көрген жоқпын , тек Алматыда бірнеше рет:)
+3 дауыс
Біздегі автобустар ескі,Жаңалары бар, бірақ аз

Газельді Құрту керек,
+4 дауыс
Елімізге көпсыйымдылықты автобустар қажет. Автозаводтарымызда ешкімге керегі жоқ джиптерді шығарғанша, сондай автобустар шығарған тиімді болар еді. Сосын, қоғамдық көліктер графикпен, түнгі 23ке дейін жүрсе деп армандап қоямыз :)
+2 дауыс
Біздің қалада газельдерді алып тастамақшы. Оларда ең құрымағанда жететін жеріңе дұрыс тұрып жете алмайсың.
+2 дауыс
автобус деген бізде атымен жоқ, газельдер ғана. Ал ол қысты гүні келіп болмайды. Оны күткенше мектепке жаяу тез жетесің((((
онсыз да жаяу барам немесе таксимен. Жыным ұстайды маршрутка мінсем.
Белгісіз
иа таксисткеде күн көру керекғой))
солай шығар..........
Белгісіз
+1 дауыс
Негізі кондукторсыз көліктер де бар. Кейбір жүргізушілер жынды сияқты. Ішінде түк мәдениет жоқ. Лас. Телевизорлар қойып қоймайма. Қай жерге келетініңді алдын-ала тек Астананың көліктері хабарлайды. Басқа жақта ол жоқ. Жын қуғандай жүргізеді. Бір сөзбен ұнамайды.
+1 дауыс
Екі рет жауап бергеніме кешірім сұраймын айтпасқа болмады. Жүргізушілер адам тасып бара жатқанда ішінде адам ба мал ма ұшындатып айдайды. Соның кесірінен көп адам опат болды емеспе? Сосын водительдер мен кондукторлардың ақша жеп қоятынын қайтерсің. Қағып қалу керек әйтеуір. Адамды нығыздаааап салып алатыны тағы бар.
–2 дауыс
Маған қоғамдық көліктер ұнайды.
–2 дауыс
Елімізде қоғамдық көліктердің бар әрине.Олар шақырған уақытта келмейді.
Қызық екенсің :) қоғамдық көлікті де шақырып жүрсің ба? )))
0 дауыс
Мен қаламызда жүргенде автобус, газельдерге көп мінбеймін, баратын жеріме жаяу немесе таксимен барамын. Сарыағаштан Алматы, Шымкент, Қызылорда т.б. қалаларға жол жүргенде көбінесе пойызбен барамын, поезд барлық жағынан ыңғайлы, ал автобустың ұнамайтын жағы өте тар және желдеткіштер мен пештері жақсы істемейді.
+1 дауыс
Проездной билетті көргенде кондукторлардың ашуланғаны ұнамайды.Оны да сатып аламыз ғо.
0 дауыс
Қоғамдық көлікті пайдаланған əрине ешкімге ұнамайды. Себебі, оны күтуің бар, тұрып тұруың бар. Бір жаққа барғанша көп уақытың кетіп қалады. Бірақта, амал жоқ. Ақшаң көп болса ойланбастан өзіңе автокөлік алып айдар едің ғой))
...