+2 дауыс
26.2k көрілді
“Ресей – кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда –Мәскеу деп Момышұлы айтты ма әлде Клочков айтты ма?

7 жауап

+1 дауыс
Г.Клочков айтқан
+3 дауыс
“Ресей – кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда –Мәскеу",- деп Клочков айтқан
+2 дауыс
Политрук Василий Клочков айтқан 16.11.1941 жылы..
сағат қаншалар шамасында айтты?
барып сұрап келейін бе?)
өткенге бара алмайсын, гуглдетіп жібер
–1 дауыс
Артымызда Мәскеу,шегінерге жол жоқ деп,-Бауыржан Момышұлы айтқан.
кумаш, не деп турсын?
Уахаха! Клочков айтқан ғой,
)))) бауыржанның мұнда қатысы жоқ
+2 дауыс
Қайдар Алдажұманов, Тарих ғылымының докторы, профессор:
- Шегінетін жер жоқ, артымызда Мәскеу деген сөзді Клочков айтқан жоқ – деп кейбіреулер жазады. Ал бір жағынан шын, ол әрбір жауынгердың аузындағы сөз. Өйткені олардың санасына ол кезде үгіт-насихат, патриоттық тәрбие беру, әскери антқа берік болу мәселесі тұрғысынан барлық қатардағы жауынгердің лауазымды командирге дейін санасына сіңген.  

Әрине, ұрыс кезінде ондай сөздерді кім естіп, кім жазып алар дейсің, оның үстіне барлығы жер жастанған болса. Сосын Мәскеу горкомының хатшысы Щербаков Кривицкийді шақырып алып, сұрайды: шайқас кезіндегі саяси жетекші Клочковтың бұл сөздерін қайдан естідіңіз? Кривицкий ойланып тұрып, былай дейді: саяси жетекші солай айтуға міндетті ғой деп ойладым. Сол уақытта Щербаков: сіз дұрыс ойлаған екенсіз, жолдас Кривицкий, деген екен.
Сайып келгенде түйгеніміз, шайқас кезінде әскери рухты көтеру, ерлікті дәріптеу арқылы басқа сарбаздарға үлгі ретінде көрсетуді көздеген 28 батырдың ерлігі ойдан шығарылған аңызға ұқсап барады. Әлде орыс ғалымдарының шымбайына Мәскеуді қазақстандық сарбаздардың қорғап қалғаны бата ма екен? Бауыржан Момышұлына да 45 жыл батыр атағын бергізбей келген көршіміз батырлықты бізге де қимайтын сыңайлы.

Дерек көзі: "Алматы" телеарнасы
–1 дауыс
Шындығында саяси жетекші Клочков былай деп айтқан: "Велика Россия, но отступать некуда. Позади Москва". Небәрі бір взвод жауынгерлермен фашистердің танк батальонына қарсы тұрып, оларды өткізбеу - тарихта болмаған ерлік. Оны Кеңес үкіметі кезінде әспеттеп, мадақтап, үлгі етуге бір ғана жағдай кедергі болған: олар қазақстандықтар еді. Егер Россияның адамдары болғанда, басқаша болар еді.
0 дауыс
Иа, Бауыржан Момышулы айтканына сенемиз, бирак тестте коп балл жинагыныз келсе Клочков деп белгилегениниз дурыс шыгар
...