+2 дауыс
2.1k көрілді
Көре алмаушылық әдеттен қалай арылса болады, одан арылса боладыма негізі?

6 жауап

0 дауыс
болады, көреалмаушылық ол қызғаншақтықтан, іштарлықтан болады
+3 дауыс
Меніңше, көре алмаушылықтан арылудың жолы - өзіңді басқалармен салыстырмау. Өмірде табыс, бақыт, ырыс-құт дегендер біреуге ерте, біреуге кеш беріледі. Бақытқа міндетті түрде басқалармен жарысып жетпесе де болады. Себебі бақытқа апаратын жол тек біреу ғана емес. Өзінің басқалардан еш жерікем емес екенін, көптеген артықшылықтарыңыз бар екенін түсінген адам, жұртқа қызығып, көз қызартпайтын болады.
–1 дауыс
Біз қазақтарға одан арылу қиын болады ))
0 дауыс
Адамдармен жұмысың болмауы керек, өзiңдi басқалармен салыстырмау, бiреуге бiр нәрсе дәлелдеуге ұмтылмау.
0 дауыс
Арылуға болады. Ол үшін білімді азамат, білікті маман, үлгілі отағасы болуың керек. Сол кезде сен басқаларға емес, басқалар саған қызығып, ақылдылары риза болып, ақымақтары көре алмай жүреді ;)
+1 дауыс
Әссәләму аләйкум бауырым,

көре алмаушылықтан арылудың жолы:

бір досыңыз жақсы бір нәрсеге жетсе сол кісі үшін Аллаға сол сәтте дұға етіңіз: яя Аллаһ осы кісіге бергеніңді одан сайын арттыр деп. Екіншісі сол кісіге барып жылы жүзбен жеткен жетістігі үшін құттықтаңызда, Аллаһым бұданда жақсысын берсін деп айтыңыз, Үшінші кезекте сол кісінің тағыда жетістікке жетуіне кішкентай болсын үлес қосыңыз, мәселен бауырым деп кішігірім қаражат беріңіз, сенің қуанғаның ол менің қуанғаным деп.

сол сәтте ішіңізде нәпсіңіз еее мына адам мені тізгіндепті ғой деп сізді мойындайды, нәтежиеде көреалмаушылық жоғалады.
негізі сізден біреу сондай іс жақтан едәуір жақсырақ болса, сізден төменгі, яғни сол іс жақтан төмен болған кісілерге қараңыз, қызғаныш басталған сәттен бастап дереу сондай жандарға қараңыз, бір ай не екі үш ай ауыр күрес болуы мүмкін, нәтежиеде сіз көреалмаушылықтың не екенін түсінбей қаласыз...

Аллаһым сізді және барша мұсылмандарды бұл дерттен сақтасын!!!
...