0 дауыс
7.6k көрілді
Жолдыаяқ ақылды ит Шортанбай Қанайұлының шығармасының толық нұсқасын тауып беріңіздерші! өтініш

1 жауап

0 дауыс
Жолдыаяқ екеуміз жалғыз аяқ жолмен келе жатырмыз. Жолдыаяқ бұталардың арасына жүгіріп барып, алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрып қалды. Мен оның жанына барғанымда құр балапаны тұр екен. Құр балапаны Жолдыаяқты көріп, бұталар арасымен қаша жөнелді. Жолдыаяқ бұталардан айналып өтіп, алдынан шықты. Құр балапаны бұталар арасымен қайта қашты , Жолдыаяқ басқа иттер сияқты ізінен қуа жөнелген жоқ, керісінше алдынан шығып, ойнап жүр. Менің құр балапанына жаным ашып кетті. - Жолдыаяқ қой болды,тиіс пе,- деп дауыстадым. жолдыаяқ тиіспеді, құр балапанын көзбен ұзатып салды. Құмары қанған баладай, тілін салақтатып қасыма келді. Құр балапаны бұтадан бұтаға секіріп көзден ғайып болды. Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына көзім жеткендей болды.
...