+1 дауыс
622 көрілді
Қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққанына қалай қарайсыздар?

10 жауап

0 дауыс
Онда тұрған ештеңе жоқ. Өзіміз де басқа ұлттардан қыз алып жатырмыз ғой.
–2 дауыс
Кешіріңіз. Бұл біз талқылайтын мәселе емес. Көзқарасым жоқ. Себебі кімнің қайда үйленетінін бір АЛЛА біледі. Мынау мынандай деп айтуға болмайды. Ойламаған жерден өзіміз де басқа ұлттың қыздарын алуымыз мүмкін.
+1 дауыс
Түбегейлі қарсымын... Қызы болсын ұлы болсын қанын сатпауы тиіс!
0 дауыс
Қазіргі таңдағы модаға айналған іс бұл, тек қыздарға қатысты мәселе емес, көбіне қазақ жігіттері басқа ұлт өкілдері қыздарына  үйленеді.Біреуге кінә артатын құқығымыз жоқ, әрине, мүмкін шын махаббат шығар, өзбасым қарсымын.
–1 дауыс
Бiр-бiрлерiне көңiлдерi болса, қалап тұрса, жақсы жiгiт болса, онда тұрған ештеңе жоқ шығар.
–1 дауыс
Жігіттер өзге ұлттың қыздарын алуына қарсы емеспін. Ал қыздар өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсымын..
–1 дауыс
Шын жақсы көріп тұрса неге үйленбеске? Менің ешқандай қарсылығым жоқ!
–1 дауыс
Қателеспесем, осы сұрақ бірнеше рет қойылды ғой деймін. Ұлтшыл адам емеспін. Адамның өзі жақсы болса болды емес пе, оның ұлтында тұрған не бар?!
0 дауыс
негылады екен? шын жаксы корсе не онда турган ештене жок.Ай осы казактар ултшылдыгын коймайды екен
0 дауыс
Қазақ қыз баланы "жат жұрттық" деп мәпелеп, сыйлап өсірген ғой. Басқа ауылға, басқа руға ұзатылатын қыздың өзін "жат жұрттық" дегенде, қаны бөлек басқа ұлт кім болғаны? Жігіттеріміз шетелдік қызға үйленіп, ауылымызға балдай батып, судай сіңіп кететін келін әкеліп жатса, "жат жұрттық" жарын мұсылман етсе, салт-дәстүрімізді үйретіп қазақ етсе, халқымыздың саны бір адамға арта түседі. Мұны жігіттің еліне қосқан еңбегі деп бағалауға болады. Ал қыз бала мүлдем басқа ұлт баласының анасына айналады, жат елдің ұрпағын тәрбиелейді. Меніңше, аруларымыздың шетелдіктердің етегінен ұстап елінен ұзап кетуіне, "біздің де шетелдік қызбен үйленуіміз мүмкін ғой" деп бейжай қарай салуға болмайды. Тым консервативті көзқарас шығар, бірақ бұл ұлттың намысына саятын мәселе. Өзіміздің тепсе темір үзетін Төлегендей ұлдарымыз, жүзінен иман нұры төгілген Жібектей қыздарымыз тұрғанда басқа ұлтты қайтеміз?! Бір-бірімізді бағалай білейік!
...