+1 дауыс
932 көрілді
Тамақты күн сайын жеймін бірақ бәрі бір нәтижесіз! Енді не істесем болады?
Дом-весыға барсай.
Сіздің есеңіз дұрыспа? Дом весы семірту үшін емес арықтату үшін
Білем...

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ашығыңыз!.

Салмағының аздығынан зардап шегетіндер аз емес. Көпшілігі салмақ қосуға көмектесетін дастарқан мәзірін белгілеуді өтінеді. Бірқатары — суықтап ауыратындар, жаздың өзінде де жаурайтындар. 
[арықтық..]
Бұлар, тырбиып арықтығынан да ұялады. 
Салмақ қосуға көмектесетін дастархан мәзәрі жоқ дегеніме сенбейді. Салмақты арттыруға ықпал ететін бағдарлама бар, ол — ашығу десем, сенімсіздік бұрынғыдан да күшейеді. Әдетте олар: «Ашығу жағдайымызды одан әрі қиындатып жібереді, ибааай осы күнімізге де шүкір» дейп қауіптенеді. Оларға тамақ тепе-теңдігінің сақталмауы салдарынан арық болып жүргендерін түсіндіремін. Тамақ пен тамақтану бір нәрсе емес деп жиі айтамын. Тамақ құрамы майға, көмірсуға,қантқа қаншалықты бай болса да, оған сүт пен қаймақ, тағы басқа майлы өнімдерді қосқанымен де, салмақ арттыруға көмегі тимейді. Қайта бұрынғыдан да арықтайсыз.
Адам салмағының артық-кемі ішіп-желінген тамаққа емес, оны ағзаның қалай сіңіретіне байланысты. Қанша жесеңіз де сіңуі қиын майлы тамақ салмақ қоспайды. Салмақтың қалыпты деңгейден төмендеп кетуі — денсаулықтың жалпы нашарлау салдары. Демек, ағзаға сіңуі қиын тамақ — пайдасыз нәрсе. Ашығу арқылы салмақ қосудың сыры — сіңіру механизімдерінің жұмысы қабілетін арттыру. Әбден іштей тазарған да ғана салмағы төмен адамның ас сіңіруге қабілеті жетеді. Семіз адамға ағзаның физиологиялық демалысын қамтамасыз ететін ашығу қандай қажет болса, арық адамға да соншалық қажет. Салмағы жоғары немесе төмен адамдардың екеуінің де ас қорыту жүйелеріне күш бірдей түседі. Мұны арық адамға түсіндірудің өзі қиын. Олар тез салмақ қосуға асығады. Ондайлар біріншіден мына жәйтті түсінуі тиіс: ашығудың жемісті нәтижесі болып табылатын физиологиялық тынығу кезеңі ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартып, тамақтың неғұрлым сіңірілуін қалыптастырылады. Асты арты қабылдамаған ағзада қуат мол болады. Арық адамдарда ашығумен, табиғилықпен емдеудже 50 жыл ішінде айтарлықтай табыстарға қол жеткіздім.
Жақсы көретін сүйікті қарындасым туылғанынан әлжуаз еді. Жарық дүниеге келгендегі салмағы екі келіден аспайтын десем — қателеспеспін. Луиза қарындасымн «арық» деген жанама есім үнемі жамалды да жүрді. Анам одан сәби кезінде сүт пен қаймақты, шошқа етін, картоп, күріш, қоңын көтереді-ау деген тамақтың қай-қайсысын да аямайтын. 
Жылдар жылжып жатты. Қарындасым әлгі тамақтарды көп жеген сайын әлжуазданып, қаны қашып, сырқаттана берді. Төсекке таңылуға мәжбүр болды. Қайрат қосады деген тамақтарын тұралап жатқанда да тоқтатпады. 
Үйден ұзап жүріп, денсаулығымды түзеп, Вирджинииидегі Луизаға қайта оралдым. Жасы келіп қалса да, ол әлі тұрмысқа шықпаған. Мектепте сабақ беретін. Өзі әлжуаз, жуған шүберектей боп-боз. Сабақ өткізетін уақытын ауырсынып, үйде ешнәрсеге шамасы келмей, кереуетке құлай кететін.
Вирджинииге жазғы демалыс бастала келдім. Қарындасыма өз бағдарламам жөнінде айттым. Өзінің де сол жолға түсуіне кеңес бердім. Табиғи тұрмыс салтының нәтижесінде кереметтей өзгергенімді көріп, ол барлық талабыма келісе қойды.
Қарындасыма бағдарламаның бір бөлігі ашығудан тұартынын, мұның өзі ағзаға физиологиялық демалыс беретінін және ас қорыту мүшесінің жаңаруына мүмкіндік туғызатынын түсіндірдім.
Іштей тазару асқазан сөлінің мөлшерін көбейтіп, белоктың мол сіңірілуін қамтамасыз етеді. Ашығудың нәтижесінде сіңірілуі ғана жақсарып қоймай бүкіл ас қорыту жүйесі жаңарып, жұмысы дұрысталады. Ашығу бағдарламасының жүзеге асырылуы клеткалардағы өміршеңдік мәні барн заттардың алмасу процессін жақсартып, өлі материалдардыы ғыстырып шығаратын жаңа материалдардың синтезін бұрынғыдан әлде қайда белсенді қозғалысқа түсіреді.
Ашығудың нәтижесінде зат алмасу процестерінің жиынтығы дене талшықтарын көбейтетіні көп жылғы тәжірибе көрсетті. Ағзаның белктарда, майды, көмірсуды, қантты, минералдарды, пайдалы басқа заттарды да сіңіруге ашығу көмектеседі.
Луиза жеті күндік ашығудан бастады. Тек тұзсыздандырылған су ішті. Ағзасын табиғат тазартатынына, тазарған ас қорыту жүйесі денесін жаңаша қалыптастыратынына сенеді. Алғашқы жеті күнде біраз салмақ жоғалтты. Бірақ, тәбеті таза ашылды. Физиологиялық осы апталық демалыс оған таңғажайып тарту сыйлады. Өзін әбдер ығыр еткен май мен ботқадан құтылып, жаңа мәзірге көшкенде, тамақ үшін бұрын ешқашан да мұншалықты қуанбағанын айтты.

Дастарқан мәзірінің 50 процентін пісірілген көкөніс пен жеміс құрады. Оған қайнатылған көкөніс, күнбағыс пістесін, дән өскінін, жаңғақ майының барлық түрлерін беріп отырдым. Алғашқы ашығудан үш апта өткенде, он күндік ашығу бағдарламасын белгіледім. Ол жаңа өмірге бет түзеп, оңала бастады.
Бұрынғы ілмиген арық қарындасым шымырланып, сымбаттанып шыға келді. Дененің әрбір бөлігі қайта жасарғандай жұп-жұмыр. Шашында бұрын кездеспеген жылтыр пайда болды. Иегіне қан жүгіріп, көзі жас балаға тән нұрмен жарқырады. Мұндай өзгеріске ата-анамыз, туыстарымыз, достарымыз, көршілеріміз таң тамаша қалысты. Ең кереметі қарындасым округтегі жұрттың көбін сүйсіндірге аруға айналды. Сөйтіп құштар көңілді адамға тұрмысқұа шықты.Өмірге деген ынтық құлшынысы мен сұлулығын жоғалтпай келеді. Әрине, қарындасым бұл жетістікке бірнеше күнде, бінеше аптада қол жеткізген жоқ. Ол үшін қыруар уақыт кетті, бастысы адамға сабырлылық пен шыдам керек.

Ашығу бағдарламасымен бірге қарындасыма дене жаттығуларын да ұсынған едім. Оны әуелі аздаған серуеннен бастады, Жолды бірте-бірте ұзарта түсті. Таза ауада көбірек жүруге үгіттеп, Күн ваннасын қабылдауға, күн сайын 20 минуттық тыныс жаттығуларын жасауға көндірдім. 
Қарындасымның осы әдістерін кейін көптеген адамдар қайталады. Салмақтың аруына да, төмендетілуне де ашығу ойдағыдай ықпал етеді екен. Екі тұрпаттағы адамның екеуіне де ашығу бағдарламасымен ұштастырылған табиғи тұрмыс қажет. 
Ашығу — өз денсаулығымызды қалыпқа келтірудің, мейілінше жетілдірудің сиқырлы кілті.
Ашығу — ең ұлы тазартушы. Тазарған ағзаның ғана барлық жүйесі ойдағыдай жұмыс істейді. 
Ашығу — денсаулық пен ұзақ өмірге апаратын жол.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

–1 дауыс
Қара жұмыс iсте, сүйегiң iрiленедi.
–1 дауыс
Қайғысыз қара суға семіреді деген сөз барғой. санасыздар семіз болады, тамақ көп жегеннен пайда жоқ сразу айтайын, көңіл күйге байланысты. тез арада семіргің келіп жатса протеин анау мынау сататын магазинге барсаң семіртетін порошоктар бар ишесің болды 1-2 айдың ішінде салмақ қосасың тренажерный залга бару ешнарсе керек емес

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
...