0 дауыс
969 көрілді
Мәжілісте қабылданған "Жастар саясаты туралы" заң жобасы мәтіні бар ма?

1 жауап

+2 дауыс
ҚР жастар саясаты туралы заңының жобасы

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)       жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;

2)       жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) ата-аналарының жиырма тоғыз жасқа толмаған бiреуi тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

3)       жас маман – жиырма тоғыз жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу бітірген және көрсетілген білім беру ұйымдарын өзі бітірген күннен бастап білімі туралы құжатта көрсетілген мамандық және (немесе) ұқсас мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы;

4)       мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және құқықтық шаралар жүйесі;

5)       жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік жастар саясатын үйлестіруді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6) мемлекеттік жастар саясатының субъектілері – қызметі жастарды тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және азаматтар, оның ішінде жастар;

7) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың есептері, әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері, статистикалық деректер негізінде  қалыптастырылатын және орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы баяндама;

         8) Республикалық форум – өңірлік форумдарда сайланған жастардың уәкілетті өкілдерінің жыл сайынғы және жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік органдар мен жастардың арасындағы өзара іс-қимылдың тиісті деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы;

         9) Өңірлік форум – өңірлік деңгейде мемлекеттік органдар мен жастардың арасындағы өзара іс-қимылдың тиісті деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастардың уәкілетті өкілдерінің жыл сайынғы форумы;

         10) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға  білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, физикалық, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де ұйымдар жүйесі;

         11) ерікті қызмет – әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетуге жастардың ерікті түрде қатысуының материалдық және өзге де пайда түсіру мақсатын көздемейтін, азаматтардың жеке тұлғасының өсуіне және дамуына ықпал ететін нысаны;

12) «Дарын» мемлекеттік сыйлығы – талантты және дарынды жастарды қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығы.

Толығырақ осы жерден көре аласыз http://zhasatyrau.kz/index.php?id=300
...