+3 дауыс
472 көрілді
Тамақ істеуді оқып үйренген, әлде іс жүзінде істегеп үйренген дұрыс па?

6 жауап

+1 дауыс
Кез-келген істі алдымен базово үйреніп, кейін ақырындап практикаға көшіп, кейін қайта практикада кездескендерді оқып, одан қайта практика деп араластырып пысықтап отырған нәтижелі сияқты.
+2 дауыс
Өзімді мысалға келтірейін. Әуелі жеңіл-желпі тамақтарды жасап үйрендім. Ол кезде 15-16 жастарда болатынмын. Бірте-бірте менюіме күрделірек тамақ түрлерін қоса бастадым. Кітаптардан, журналдардан, Интернеттен көп нәрсе үйрендім. Және қазір ТВ-де тамақ жасау туралы хабарлар көп. Бірақ, оларда елде жоқ азық-түліктерді қолданады, сондықтан түк пайдасы жоқ )) Қазір орта деңгейдегі үй аспазымын ))
+1 дауыс
менің ойымша екеуі де керек. Тамақты тек әзірлей ғана емес оның қыр-сырын ,пайдасын,дайындау барысындағы қулықтарын да білу қажет.
+1 дауыс

екеуі қатар жүру керек, оқу да, практика да. Өйткені тек күні бойы аспаздық кітапті оқығаннан тамақ істеуді үйренуге болады деу қате, және білімсіз жасай беру де, бірден жақсы тағам болуы екі талай. Әсіресе тәттілерді пісіргенде граммына дейін дұрыс салу керек. Ал егер қайсысы маңыздырақ десеңіз, мен практика дер едім. 

Әртүрлі тағамдарды жасауды үйренгіңіз келсе, блогыма қош келдіңіз;)

http://www.gourmania.kz

0 дауыс
Істеп үйренген әлдеқайда пайдалы.
0 дауыс
Үйіңде әпкелерің, мамаларың бар ғой, солардың қасында жүріп үйренесің ғой
...