+1 дауыс
5.0k көрілді

Жас жұбайларға арналған құттықтау тілектер жазсаңыздар?

Жас жұбайларға арналған жақсы тілектер мұнда жоқ екен.

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Үйлену тойына

Ер жігіттің зор міндеті- үй болу,
Сәбилердің күлкісіне үй толу.
Жалғастырып баба жолын басталған,
Шаңырағын биік етіп үй жону.
Шайқалмасын шаңырағың тілеймін,
Орамасын отбасыңды дүлей күн.
Босағалар берік болып, терезең
Теңдей болсын өзгелермен күн игің.

Махаббат аспанында,
Қосылып бастарың да,
Бақ қонып құтты болсын басқан қадам.
Тілектің астарында,
Бірге өмір бастадың ба,
Отбасыңа таң қалсын көрген адам.

Бір арманды, бір мақсатты алыңдар,
Ғашық гүлден бүршік алып жарыңдар.
Үлкен отау үбір-шүбір үй болып,
Бақытты өлке жерден отау салыңдар.
Жаңа отау сендерден басталады,
Жаңа жолға салыңдар жас қадамды.
Бақыт құсы байланған отбасы боп,
Көркейтіңдер Отау деген астанаңды.

Көңілдерден тауып бірге жарасым,
Қол ұстасып алға бірге барасың.
Екі жасқа бақыт таңын тілейік,
Молайтатын сәбилердің қарасын.
Тойларыңыз құтты болсын екі жас,
Қонақ келсе қабақ шытпай есік аш.
Аман-сау боп, қуанышпен күліңдер,
Әр жыл сайын бастарыңа қосып бас.

Асулардан енді бірге өтерсің,
Бірге жеңіп қиындықтан кетерсің.
Тойларыңның басы болсын бұл тойың,
1000 тойға да шатты өмір жетерсің.

Апа-аға, құтты болсын қуаныш,
Бүгін таптың көңілге алаң жұбаныш.
Бір балаңыз екеу болып көбейді,
Тек жақсылық ала келсін болар іс.
Немеренің 10-ын әлі көріңіз,
Қуаныштан қуат алсын деміңіз.
Келініңіз қыздай болып ет жақын,
Бақыт болсын енді барар жеріңіз.

Әке-Ана, қуанышты сәт бүгін,
Тойлап бүгін екі жастың шаттығын.
Көптен күткен орындалып үміттер,
Басталсыншы осы сағат тәтті күн.
Көбейсін немерелер, шөберелер,
Өмір-теңіз бақыт толған кеме келер,
Кемтігіңіз толумен өсіп-өніп,
Кеңейсінші келешек керегелер.

Қуанышпен өмірдің бір таңы атты,
Шаттықтан шуақ шашып нұр таратты.
Екі өзенді бір арнаға тоғыстырып,
Жаратқан мәңгі жұп қып бір жаратты.

Енді өмір-теңізге қосылыңдар,
Есігі айқара ашық қосының бар.
Сыйлы келін, сыпайы күйеу болып,
Отауың 10-ға жетіп толсын ұлдар.
...