0 дауыс
9.1k көрілді
Бас немесе бассүйек туралы мақал-мәтелдер тауып берсеңіз?Маған тез ара керек болып тұр...

6 жауап

–1 дауыс
Балық басынан шіриді,

Басқа пәле тілден (әзірше осы есіме түсіп жатса тағы жазармын)
Басқа пәле тілден дегеннің басқа қандай қатысы бар?
Orynbasar, сұрағың орынды, мақалдың мағынасын түсіндіріп қарайын (жазылған мақалдардың ішіндегі дұрыс келетіні сол сияқты), Тіл кейде сөйлеу дегенді білдіреді (мысалы бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ). "Басқа пәле тілден" деген мақалдың мағынасы орынсыз немесе аңдаусызда  айтылған сөз ұятқа қалдырады, тіпті өміріңе қауіп төндіреді деген мағынада
Қысқасы орынсыз сөйлесең басың кетеді деген мағынада
0 дауыс
Екі қошқардың басы, бір қазанға сыймайды. Бас - отағасы, мойын - отанасы. Есіме түссе жазармын.
0 дауыс
Балық басынан шіриді.

Екі қошқардың басы, бір қазанға сыймайды
+1 дауыс
1.Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
2.Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
3.Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
4.Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі...
5. Тостағандай басымда
Тоғыз жара.
Жұдырықтай жүректе
Жеті жара.

6. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.

7. Балық басынан шіриді.
0 дауыс
Мойын қалай бұрылса, бас солай бұрылады.
0 дауыс
Ақымақ бас аяқтың соры
...