–1 дауыс
289 көрілді
"Нұрланған ҚАЗАҚСТАН!
Қазақстандық блогер Ерлан Ахмеди Facebook-тағы жеке парақшасында .
"Петропавлды - Нұрорда, Павлодарды – Нұршаһар, Өскеменді – Нұркент деп қазақшалауды ұсынды.

Қуанамын ба?! Әлде жылаймын ба?!

Әрине бұл бастама жақсы. Тәуелсіздік алып, жеке бір шешім қабылдай алатын ел болдық.

Елбасымыздың еліне сіңірген елеулі еңбегі мол,елді дамытудағы сіңірген зор еңбегін бағалап, ұлт көшбасшысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеп, ардақтап жүруі бұл әр Қазақ азаматының ұлттық парызы деп есептеймін.
Дегенмен Нұрланған Қазақстан тек бір адамның мемлекеті емес! Соны естен шығармаған жөн болар! Кейінгі кезде «Нұр» сөзі кең қолданысқа ие болып келеді ме? Әлде бұл жағымсынудың жаңа бір түрі ме? Мен өзім жеке бұл қалалардың Нұрорда, Нұршаһар, Нұркент деп аталуына қарсымын! Басқа жақсы қала аттары құрып қалғандығы ма? Тарихта болды емес пе еді талай тамаша қала аттары солай неге атамасқа?!". (Дулат Қали)

Ал сіздің Нұрланған Қазақстанға деген көзқарасыңыз қандай? Жақтайсыз ба? Даттасыз ба?

4 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап

Президентке жалбақтаушылар өздерінің атына Нұр сөзін қосып алса таңғалмаймын, (барлық адамның атына Нұр сөзін қосыңдар деп жүре ме деп қорқып жүрмін)... Мысалы ертең Қайрат немесе Құрманғазы есімді президенттер келсе "Қай орда?" немесе "Құры орда" деп өзгертеме екен.... 

Әрине қай қаланың да тарихи атаулары бар соны қойған жөн 

(жауап берген Нұр_vvvwww)

–1 дауыс
Петропавл,Павлодар деген қалаларда халықтың басым көпшілігі орыстар оған олар қарсы болатын шығар менімше Петропавлды бұрыңғыша Қызылжар деген жөн сияқты
Иә, Қызылжар, Кереку деген тарихи атаулары бар ғой.
Сізді қолдаймын, меніңше, Қызылжар дұрыс болады Нұрорда деген тым артық сияқты. Бір жылдары Петропавлды Қызылжар деп атайық деп ұсынылғанда, бұнда не болғанын білмейсіздер ғой, орыстар бас көтере жаздады. Әрине бірден олай жария ету де оңай шаруа емес, оған біртіндеп келу керек.
Дұрыс айтасыз, Украинадағы жағдайдан кейін солтүстік аймақтардан алаңдай бастадық қой. Жағдай ушығып тұрғанда бұл мәселені көтерудің қажеті жоқ сияқты.
0 дауыс
Өз басым "нұрланған" Қазақстанға қарсы емеспін. Бірақ блогер Ерекең тым асырып жіберген сияқты. Қала атауларын еш негізсіз ауыстыру ақылға сыймайды. Ал Астананы "нұрландыруды" қолдаймын. Туындыны авторының атымен атаудың еш оғаштығы жоқ сияқты. Демократияның үлгісіне айналған АҚШ-та астанасына елбасының есімін берді, түріктердің Ататүрікке, қытайлардың Мао Цзе Дуңға, корейлердің Пак Чон Хиға деген алғыс-құрметі шексіз. Ұлт көсемінің абыройы тарих беттерінде қала береді, кезі келгенде халқы да бағалайтын болады. Кезі келгенде... (Әйтседе "нұрландырудың"  бәрі жағымпаздардың жарамсақ қылығынан емес, халықтың шынайы тілегінен бастау алса жақсы болар еді.)
0 дауыс

Жанар 996, бұл жерде Ерлан Ахмеди қулық жүрісін жасап амалсыздан осы Нұрланған қалалар атын ұсынып отырған сияқты. Өздеріңе мәлім аталған қалалардың басымдау бөлігін құрайтындар қазақтар емес, әрі сол кемдеу бөлігіндегі қазақтардың өзінің ол жердегілерінің көбі орыстілділер десек те болады. Міне сондықтан осы қалалардың атын осы күнге дейін қазақшалай алмай келеміз. Міне осыны ойға ала отырып қалаға нұр сөзін қосып ұсынған атаулар қарсылыққа ұшырамас деген ой болар, әрі ол ой жемісін де беретін сияқты. Бір анығы қазір осы қалалардың атауын қазақшалау кезек күттірмейтін мәселе екені. Кезі келгенде бұл өмірден Нұрағамда кетер, бірақ қазақтың "НҰР"-деген керемет сөзі бірге өлмес деп ойлаймын. Сондықтан бұл жерде "НҰР"-деген сөздің еш жазығы жоқ, әрі одан қорқудың, үрікудің де керегі жоқ, ең бастысы іске асып жатса қалаларымыздың атын қазақшалап алған дұрыс болар.

...