Трагедия жасаудың қажеті жоқ. Бұл сюжет арзанқол атаққа әуес журналисттердің шедеврі ғой, өз аттарын жұртқа осылай аударып, жұрт назарын осындай арзан пафоспен аударғысы келетіндер мен осындай сюжетті көріп алып өз басымен емес, сюжеттен алған әсерімен өмір сүретін марионеткаларға күлуден басқа вариант жоқ. Бұндай иттікке иттікпен жауап беріп те қажет емес. Бұл тек провокация, яғни бір адам жақсы жетістікке жетіп жатса, көре алмағандар аяғынан шалу үшін, назарын түрлі әрекеттермен аударуға тырысады: мазақтайды, келеке етеді немесе алдайды. Бұндайды дер кезінде түсініп, тиісті жауабын беру керек, яғни барып төбелесу немесе өзі сияқты әрекетке бару мақсат емес, сауатты жолмен шешуге немесе жәй ғана назардан тыс қалдыру керек.
Мысалы, биік таудан жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан шаңғышының жолына тот басқан темірді қойып қойса, шаңғышы оның үстінен өте шыға алады немесе ол кедергіден секіріп өтеді, бірақ сол тот басқан темірдің жанына келіп тоқтай қалып, мынау маған кедергі келтіріп тұр деп шағымданатын болсақ, бұл дұрыс емес қой, қайта қарсыластар осыны қалап тұрғандай, жаныңнан өте шығады.