+1 дауыс
18.1k көрілді
мантының толық істелу жолын айтыңдаршы.қамырын қалай дайындалады, аштылады ма? қанша минут қайнатамыз, қанша мөлшерде су қуйылады. толықтай ақпарат керек еді?
сіз бір өмірге жаңа келген адам сияқтысыз)))
Манты жасап жатырсаңыз шақырыңызшы, асыңызға (жегім келіп кеткені)

7 жауап

0 дауыс
Мантыны қайнатпайды ғой.. парға піседі 45мин уақыты.

Су ең астындағы ыдысына толтырып құйылады.

P.S. Бар білерім осы
0 дауыс
толық ақпарат керек?
Арық ақпарат жарамайма ))
0 дауыс
Оның шаруасы көп. Қамыр илейсің, етті еттартқыштан өткізесің.

 

P.S. Жеу оңай дайындауға қарағанда.
0 дауыс
Қамырына су,жұмыртқа,тұз,ұн ғана қосасыз.Сосын біраз бұқтырып қоясыз.Одан кейін жазасыз.
Жаздым, әрі қарай не істейді
Сол бетімен жей салыңыз
+1 дауыс

Манты Дайындау жолы

Қамыры үшін: 3 жұмыртқа, бір кесе су (сыймдылығы 0,7 л), тұз, ұн.
Салмасы үшін: фарш, картоп, пияз, сәбіз, дәміне қарай тұз, бұрыш. (Қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз. Негізінде сиыр етін кубик етіп турап, керектілерді салып дайындайды)

Сонымен, тазалықты сақтай отырып қамырды дайындап қоямыз. Ол үшін суға тұз, жұмыртқа салып қамыр илейміз. Әдеттегіден сәл қаттылау болғаны жөн (кейін жұмсарады). Илеуін қандыра илеп, целофанға салып, мұқият жауып қоямыз. Ара-арасында илеп тұру керек.
Осы арада салмасын дайындаймыз. Ет тағамдарын ұнатпайтындығым үшін мантыны өз басым картоп, сәбіз, асқабақ, орамжапырақпен істегенді жөн көремін.
Фаршқа, карпоты, сәбізді кубик етіп турап, пияз, дәміне қарай тұз, қара бұрыш салынды:

Салмасын дайындап болған соң, уақытша тоңазытқышқа сала тұрамыз да, қамырды екіге бөліп:
Біркелкі етіп жаямыз

Дайын болған қамыр формаларын жинап, целофанға салып қойған жөн қатып, жабыспай қалмас үшін:
Енді түйеміз:

Мына сілтемеден толық ақпарат суретімен ала аласыз: http://aitaber.kz/blog/tagamdar/3408.html

http://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/74/

http://neke.kz/mantyi-m-ziri/

+1 дауыс

Манты жасау

Құрамы:

Салмасына:

300г қой еті
30г қой майы
7-8 дана пияз
Қара бұрыш, қызыл бұрыш, тұз
Қамырына:

1 жұмыртқа
1 стакан ұн
0,5 ст су
1 шәй қасық тұз
Манты дайындау рецепт:
Қой еті мен майын еттартқыштан өткізіп аламыз. Пиязымызды майдалап турап етке қосып тұз, бұрыштарды сеуіп, жақсылап араластырып қоямыз. ЕНнді қамырымызды дайындап алайық. Жұмыртқаны ыдысқа жарып, оған су , тұз ұнды салып, жақсылап қамыр илейміз.
Мантаваркамыздың астынғы табағына су құйып пешке қоямыз. Енді қамырымызды жайып, формасын келтіріп кесіп, дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесуге де болады. Дайын қамырларымызға салмасын салып мантымызды бүгеміз. Манты табаларын малапмантыларымызды нығыздап саламыз да бетін майлауды ұмытпаңыз. Мантымызды отқа қоямыз. Мантымыз жартты сағаттан соң дайын болады. Дайын мантымызды алып , тарелкаға салып аскөкпен сәндеп дастарханға қоямыз.

0 дауыс


...