Манты Дайындау жолы
Қамыры үшін: 3 жұмыртқа, бір кесе су (сыймдылығы 0,7 л), тұз, ұн.
Салмасы үшін: фарш, картоп, пияз, сәбіз, дәміне қарай тұз, бұрыш. (Қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз. Негізінде сиыр етін кубик етіп турап, керектілерді салып дайындайды)
Сонымен, тазалықты сақтай отырып қамырды дайындап қоямыз. Ол үшін суға тұз, жұмыртқа салып қамыр илейміз. Әдеттегіден сәл қаттылау болғаны жөн (кейін жұмсарады). Илеуін қандыра илеп, целофанға салып, мұқият жауып қоямыз. Ара-арасында илеп тұру керек.
Осы арада салмасын дайындаймыз. Ет тағамдарын ұнатпайтындығым үшін мантыны өз басым картоп, сәбіз, асқабақ, орамжапырақпен істегенді жөн көремін.
Фаршқа, карпоты, сәбізді кубик етіп турап, пияз, дәміне қарай тұз, қара бұрыш салынды:
Салмасын дайындап болған соң, уақытша тоңазытқышқа сала тұрамыз да, қамырды екіге бөліп:
Біркелкі етіп жаямыз
Дайын болған қамыр формаларын жинап, целофанға салып қойған жөн қатып, жабыспай қалмас үшін:
Енді түйеміз:
Мына сілтемеден толық ақпарат суретімен ала аласыз: http://aitaber.kz/blog/tagamdar/3408.html
http://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/74/
http://neke.kz/mantyi-m-ziri/